ТАМЫРЫҢНАН АЖЫРАМА! Партия сайлауға «Қазақ халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін қорлауға тыйым салу» туралы заң жобасымен түседі. Партия төмендегі бағыттарды қолдайды: *Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарына, тарихы мен дәстүрлеріне негізделген ұлттық идеологияны жаңғырту; *Елді мекендер мен өңірлер атауын қазақыландыру; *Барлық балабақшада қазақ тілінде білім беру; *Іс жүргізуде қазақ тілінің формалды түрде қолданылуын доғару, сондай-ақ ресми іс-шаралардың мемлекеттік тілде өткізілуін талап ету; *БАҚ-та қазақ тіліндегі контентті арттыру; *Қазақ тілін, ұлттық брендтерді және тарихи-мәдени мұра нысандарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықаралық деңгейге шығару.