ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢДІК – ӘЛЕУЕТТІ ҚОҒАМ! Елімізде қазіргі демографиялық дамудың оң серпінін ауыл көрсетіп отыр. Партия Әлеуметтік кодексті мемлекеттік түрлі органдардың әр қилы ұсыныстарын біріктіретін кешенді құжат ретінде әзірлеу бастамасын алға тартады. Партия төмендегілерді қосымша жүзеге асыратын болады: *«Көпбалалы ана» мәртебесін алу талабын төмендету (3 және онан көп бала), сондай-ақ көпбалалы аналардың зейнет жасын 53 жасқа толуымен белгілеу арқылы базалық зейнетақы төлеу; *Ауылдағы өмір сапасын жоғарылату мақсатында отбасы әл-ауқатының индексін әзірлеу; *Қиын жағдайға тап болған отбасына қамқорлық жасау институтын енгізу; *Балалы отбасыларға арналған тиімсіз, қысқа мерзімді төлемдердің орнына кепілдендірілген «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізіп, оны туғаннан бастап 18 жасқа дейін төлеу. *Балалы отбасылардың міндетті және қосымша деңгейлерде білім беру қызметтеріне тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету; *Жас отбасыларға тұрғын үй алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал ауылға көшіп барғандарға тұрғын үй алуға, үй шаруашылығын қалыптастыруға және ауылда бизнес ашуға пайызсыз несие беру; *Ауыл жастарының білім грантын алуына және жұмысқа орналасуына кепілдік беретін *«Ауылдан – диплом алу үшін» бағдарламасын әзірлеу; *Жоғары және орта арнаулы аграрлық оқу орындарының түлектері үшін алғашқы жұмыс орнын міндетті квоталау тәжірибесін енгізу.