Ауыл мектебі – әдістемелік қолдау бағыты


Осылайша жобаға тартылған ауыл мектептерінің мұғалімдерін консультациялық қолдау тетігін Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері екі бағытта іске асырды



бет2/2
Дата03.02.2022
өлшемі20,6 Kb.
#130629
1   2
Байланысты:
ауыл мектебі

Осылайша жобаға тартылған ауыл мектептерінің мұғалімдерін консультациялық қолдау тетігін Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері екі бағытта іске асырды:

  1. Сабақтарды бірлесіп жоспарлау және бақылау, мектеп үйлестірушілерімен және мұғалімдермен кәсіби әңгімелесу, мастер кластар мен оқыту іс-шараларын өткізу; тәлімгерлікті және желілік қоғамдастықтарды ұйымдастыру арқылы мектеп базасында консультациялық қолдау көрсету.

  2. Онлайн кеңес,қолдау көрсету.

Ауыл мектептері педагогтерінің анықталған қажеттіліктерін ескере отырып,одан әрі жұмыс істеу үшін коучингтер өткізу және менторинг, мастер-кластар,семинарлар, вебинарлар өткізу арқылы тиісті әдістемелік жұмыс жоспарланды.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған жалпы оқыту іс-шаралары қолданбалы сипатқа ие болды және оқыту әдістемесіндегі олқылықтарды жоюға, сабақтар мен кәсіби әңгімелесулерді бақылау кезінде анықталған нақты жағдайлар үшін шешімдерді әзірлеуге, сондай-ақ мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі шеңберінде болды.

Ауыл мұғалімдері жұмысының жаңа түрі кәсіби кері байланыс берумен сабақтарды өзара бақылау, сабақтарды бірлесіп жоспарлау, оқытудың белсенді әдістерін енгізу және т.б. іс-щаралар өткізілді. Осылайша, ауыл мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесіне нәтижелерді модерациялау, кері байланыс беру, сабақты саралау, пәндерді интеграциялау, функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, өз әлеуетін арттыру және өзінің кәсіби біліктілігін арттыру, кәсіби желілік қауымдастықтардағы жұмыс, командалық жұмыс және т.б. сияқты құзыреттер мықтап кірді.

Бүгінгі таңда «Ауыл мектебі» жобасы мұғалімдерге өзіндік мектеп тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді, кәсіби даму, жаңа технологияларға қол жеткізу, әріптестерден, тәлімгерлерден,тренерлерден тұрақты әдістемелік қолдау және кәсіби кеңес алу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Оқу сабақтарын жоспарлау үшін жетекші мектеп педагогтерінің жұмысын жандандыру,болашақта жоба шеңберінде желілік кәсіби қоғамдастық құру, мектеп практикасын жақсарту және тиімді тәжірибе алмасу, оқу міндеттерін шешуде АКТ пайдалану, оқушыларға арналған тапсырмаларды әзірлеу, оқушыларға тиімді кері байланыс жасау көзделген.

Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері және жетекші мектептер базасында пән мұғалімдерінің тағылымдамалары, әріптестерінің өзара оқуы, мектеп практикасын бірлескен зерттеулерге қатыстыру, пәндік қоғамдастықтарды қалыптастыру іс-тәжірибелеріне қатысады.

Мектеп қызметіндегі өзгерістерді басқару бойынша жоба жоспарында көшбасшы мектеп командаларын оқыту.

Демек мектептің географиялық жағдайына қарамастан, сапалы оқытуды қамтамасыз ету әрқашан маңызды міндет болып қала береді.

Ауыл мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған шығармашылық және кәсіби ең жақсы мүмкіндіктер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлескен жобада.

Бұл сіздің тәжірибеңізді жүйелі түрде зерттеуге және инновацияларды енгізуге, оқыту әдістерін жетілдіруге, заманауи білім беру инфрақұрылымын,жағымды,гүлденген орта мен жаңа оқыту технологияларын құруға мүмкіндік береді.



Инновациялық тәжірибелер жергілікті деңгейдегі әлеует пен ресурстарды дамыту күштерімен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру нәтижелеріндегі айырмашылықтарды шешуге жақсы алаң ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет