Ауыл шаруашылыѓын єртараптандыру — Б‡гінгі к‡нніњ басты талабы



Дата21.07.2020
өлшемі46 Kb.
#63531

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ — БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ


21 Мамыр 2010 | Экономика

http://www.egemen.kz/



 Загрузка ...

Мемлекет басшысының би­ыл­ғы Жолдауында әртараптан­ды­рудың басқа бір сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту екендігі атап көрсетіліп, ел эко­но­микасын көтерудің маңыз­ды­лығына айрықша мән берілді. Мемлекет тарапынан ауыл ша­руа­шылығын дамытуға бөлінген қаржы көлемі жыл өткен сайын еселеніп келеді. Оған аграрлық секторды қолдауға өткен жылы 12,5 млрд.теңге бюджет қара­жа­ты­ның бөлінгені оң ықпал етіп, аталған саладағы өзін­дік нәтиже­ле­рі­мен дәлелденді. Осылайша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 219,8 млрд. теңгені құ­рап, 425,1 мың тон­на бидай, 286,8 мың тонна кар­топ, көкөніс, бақша дақылдары, 76,4 мың тонна жеміс-жидек, жүзім, 147,2 мың тонна сойылған салмақтағы ет өндіріліп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері біршама нәтижелі орындалғанын айтуға тиіспіз.

Алматы қаласы айналасынан азық-түлік белдеуін құрып, дамыту мақсатында өңірде 24,4 млрд. тең­гелік 34 инвестициялық жоба әзір­леніп, “КазАгро” ҰХ” АҚ-тың ен­ші­лес компаниялары және басқа да қар­жыландыру мекемелері қатыс­тырылды. Өткен жылы оның 11 жобасын іске қосу барысында 400 адам жаңа жұмыс орнымен қам­тылды. Мәселен, Балқаш ауда­нында күніне үш тонна күріш өң­дей­тін “Ақ астық” тұтыну коопе­ративі мен тәулігіне 1 тонна балық өңдейтін “Бақанас” зауыты жұмы­сын бастаса, Еңбекшіқазақ ауда­нында тәулігіне 3 тонна сүт өнді­ретін “Айдарбаев” шаруа қожа­лы­ғының тауарлы сүт фермасы, Ескелді ауданында бір кезекте 300 тонна көкөніс сақтайтын қойма, Жамбыл ауданында тәулігіне 50 тонна ұлттық сусын дайындайтын “Қазақ сусындары” ауылдық тұ­тыну кооперативінің цехы, Қарасай ауданында жаңа технологиямен 2200 тонна көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қойма, Талғар ауда­нын­да күніне 5 тонна сүт сақтайтын “Қайнар сүт” және осыншама мерзімде 1 тонна ет өңдейтін “Жал­қамыс Агро” кооперативінің цехы, тағы басқа да өндіріс орын­дарының қалыпты жұмыс істей бастағанын айтуға болады.

Саладағы негізгі мақсат өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың жоғары сұранысына жауап беретін азық-түлік қорын мол дайындау. Осы орайда жоғарыдағы инвестициялық жобалардың тоғызын “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ 469,3 млн. теңгеге, екеуін “КазАгро­Қар­жы” АҚ 469,7 млн. теңгеге, біреуін “Қазақстанның Даму банкі” АҚ 1769 млн. теңгеге қаржылан­дырса, кәсіпорындардың өздері 561,8 млн. теңге жұмсап, ауылдық тұтыну кооперативтерінің өркендеуіне жол ашты. Қалған инвестициялық 22 жобаның 17-сі қазіргі кезде жүзеге асырылып, оған 8,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Ағымдағы жылы 14 жобаны іске қосу жоспарланып, қосымша 615 жұмыс орны ашыла­ды деп күтілуде. Олардың қатарын­да Іле ауданындағы жалпы құны 825,0 млн. теңге болатын “Ком­па­ния Сарыбұлақ” ЖШС май­бұр­шақ өңдейтін зауыт салуды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда. Аталған кәсіпорын алдағы маусым айында іске қосылып, 100 жұмыс орны ашы­лады. Ал, Текелі қала­сындағы “Зеленный дом” өндіріс ор­нында 3,65 гектар жерге жылы­жай кешен­дерін салу жобасы 1152,6 млн. тең­геге қаржыландырылып, оны ағым­дағы жылы іске қосу белгіленген.

Саладағы оң нәтижелер өңір халқы тұтынатын азық-түліктің мол қорын дайындаумен де ерекше­ленеді. Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту мәселелері де оң шешілуде. Осы орайда шаруа қожа­лықтарының қатары жыл санап өсіп, егін және мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Мәселен, Іле ауданы Чапай елді мекеніндегі “Сарыбұлақ” компаниясы бүгінде құс етін және майбұршақ өсіру жұ­мыстарын қатар жүргізіп, интен­сивті технологияны тиімді пай­далануда. Қазіргі кезде құс еті көрші және алыс шетелдерден әкелінетінін ескерсек, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар қатары өскен сайын тұтынушының отандық өнімге деген сұранысының арта түсетінін көреміз. Кәсіпорын басшысы Ж.Смайылов болашақта қолға алатын кешенді жұмыстардың бар екенін алға тартты.

Серіктестік майбұршақ өсіріп, одан алынатын өнімге тұтынушы сұранысын қанағаттандырып келе­ді. Зауыт жылына 75 мың тонна шикізатты қайта өңдесе, кәсіп­орын­да 200-ге жуық адам жұмыс­пен қамтылыпты. Бір қуаныштысы, олардың барлығы аталған елді мекен тұрғындары қатарынан. Ал, Шеңгелді ауылдық округіндегі “Жетісу Агро” серіктестігі жетіл­дірілген жаңа технологияны енгізу арқылы Алматы мегаполисі төңі­ре­гіндегі азық-түлік белдеуін қалып­тастыру бағытында өзіндік ықпа­лы­мен танылып отыр. Олар өндірістің негізгі қорын түбегейлі жаңарту мақ­сатымен тиімді жағдайда банк­тен 1 млн. доллар шамасында несие алып, бүгінде Еуропада үлкен сұ­ранысқа ие болған кептірілген са­рымсақ өңдеуді жолға қоя бастады.

Көктемнің әр күнін тиімді пай­даланған ұжым алқаптағы жұмыс ырғағын қалыпты арнаға түсіріп, картоп отырғызуды аяқтаса, жүгері, соя егуді топырақ қызғанда қолға алмақшы. Қазіргі кезде “Жетісу Агро” кәсіпорны иелігін­дегі 10 мың тонналық өндірістік базаға қосымша 5 мың тонналық картоп сақтайтын қойманы да пай­далануға берген. Мұның өзі ха­лықтың сұранысын жылдың төрт маусымында да қанағаттанды­ра­тынын айтқан жөн. Егістіктің бере­рін арттыру мақсатында израильдік тамшылата суару технологиясы қолданылған.

Ауыл халқының күнкөріс көзі – егін және мал шаруашылығы. Осыны жақсы түсінген шеңгелді­лік­тердің 164 шаруа қожалығы өнім молшылығын жасауға мейлінше ден қойған. Мұндағы “Қарасай”, “Қуанышбек” және басқа шаруа қожалықтары жұмыс ырғағын бә­сеңдетпей, дәнді дақылдарды агро­техникалық шараларға сай күтіп-баптауды жалғастыруда. Ал тұты­нушының көкөніске деген сұраны­сын қамтамасыз ету үшін ауыл диқаны Рүстем Бекенов жылыжай салып, көкөністің түр-түрін өсіруді қолға алыпты. Шаруагер жандар­дың жағдайы ескеріліп, мемлекет­тен егістікті суаруға арналған суға 80 пайыздық, минералды тыңайт­қыштар мен гербицидтерге 40 пайыздық субсидия сақталатыны да әжептеуір жеңілдік екенін ол әңгіме арасында айтып қалды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйен­сек, ағымдағы жылы ауыл шаруа­шылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 39,6 мың гектарға артып, 907,0 мың гектарды құраған. Осының өзінен-ақ, биылғы көктемгі дала жұмыс­тарының қарқыны аңғарылады. Сонымен қатар, егістікке жарамды алқаптарды толық игеруге көңіл бөлініп, суды тиімді пайдалану, то­пырақтың құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын озық технологиямен өсіру өңірдегі сала мамандары мен құрылым басшыларына тапсырылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді өркендету мен әртараптандырудағы жұмыстар әлі де жалғасын табаты­нын сала мамандарының қазіргі аяқ алысынан аңғаруға болады. Олар гектар берекелілігін артты­рып, уақытты ұтымды пайдалану үшін барын сала іс-әрекет жүр­гізуде. Әрине, осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесі де табысты болады деп сенім артамыз. Демек, алдағы күзде жетісулық диқандар­дың бағы жанып жатса, бұл үміттің толықтай ақталғаны.



Күмісжан БАЙЖАН.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет