13-параграф. Герболог
137. Лауазымдық міндеттері:
карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторинг және бағалау жүргізеді;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторингті және бағалауды және ауыл шаруашылығы ұйымдарына фитосанитариялық жай-күй туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптерімен күрестің басталу, аяқталу мерзімдері және олардың болжамдары туралы хабардар етеді;
талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді;
зерттеулер жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;
зертханалық жабдықты жұмысқа дайындайды;
биологиялық материал қалдықтарының зарарсыздандырылуын және жойылуын қамтамасыз етеді;
облыстың және ауданның қызмет көрсетілетін аумағында ауыл шаруашылығы дақылдары карантиндік арамшөптерінің есебін және анықталуын жүргізеді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
республикада, облыста, жекелеген ауданда арамшөптердің таралу және даму болжамдарын және үлгілерін жасауға қатысады;
зерттеудің жаңа тесттері мен әдістерін бағалауды жүргізеді;
жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есепке алуды жүргізеді;
белгіленген тәртіпте есептер ұсынады.
138. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерден алынатын өнімге карантиндік арамшөптермен ластану мәніне сараптама жүргізу әдістерін, карантиндік арамшөптерді бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына арамшөптермен ластану мәніне қатысты зерттеу жүргізу әдістемесін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
139. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты герболог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрономия, агроэкология, өсімдіктер селекциясы және биотехнологиясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ІІ санатты герболог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты герболог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрономия, агроэкология, өсімдіктер селекциясы және биотехнологиясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ герболог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ герболог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрономия, агроэкология, өсімдіктер селекциясы және биотехнологиясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрономия, өсімдіктер қорғаушы агроном, эколог, агроинженер, биотехнология, фермер шаруашылығы, фермер-менеджер, агротехник) техникалық кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |