Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Жанар-жағар май материалдары бойынша инженер



бет49/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

20-параграф. Жанар-жағар май материалдары бойынша инженер

157. Лауазымдық міндеттері.


шаруашылықтың машина-тракторлық паркін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырушылық-техникалық басқаруды жүзеге асырады;
шаруашылықтың мұнай өнімдеріне деген жылдық қажеттілігін айқындайды, айлар және тоқсандар бойынша мұнай өнімдерінің жұмсалу, әкеліну және қорларының жинақталу жоспарын әзірлейді;
орталық мұнай қоймасында және шаруашылықтың бөлімшелерінде мұнай өнімдерін қабылдап алуды, сақтауды және босатуды ұйымдастырады;
мұнай базаларынан, коммерциялық құрылымдардан алынған, мұнай қоймасында және құю пункттерінде сақталған мұнай өнімдерінің түр-түрін және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді;
түр-түрі және сапасы бойынша мұнай өнімдерін жеткізуге шарттар жасауға қатысады;
шаруашылықтағы мұнай жабдықтарының сақталуын, уақтылы техникалық қызмет көрсетілуін және жөнделуін қамтамасыз етеді;
метрологиялық қызметтермен бірлесіп белгіленген мерзімде цистерналарды және мұнай сыйымдылықтарын қораптауды жүргізеді;
бастапқы кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтай отырып, мұнай өнімдерінің есебін жүргізеді;
мұнай өнімдеріне және мұнай жабдықтарына түгендеу жүргізуге қатысады;
мұнай қоймаларын, мүкәммалды уақтылы жөндейді, қажетті құралдар сатып алуға шарттар (өтінімдер) ресімдеуді ұйымдастырады;
мұнай қоймасы шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, мұнай өнімдерін үнемдеу, оларды жеткізу, сақтау және құю шығыстарын қысқарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
мұнай шаруашылығы бойынша есепке алу және есептік құжаттаманың жүргізілуін ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
158. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы»),
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, мұнай шаруашылықтарындағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; мұнай жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын, жұмыс режимін және пайдалану қағидаларын, мұнай жабдығына қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын мұнай өнімдерінің маркасы мен сапасын, мұнай өнімдерінің сапасын бақылау тәсілі мен құралдарын, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
159. Біліктілікке қойылатын талаптар.
жанар-жағар май материалдары бойынша І санатты инженер: (Аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және жанар-жағар май материалдары бойынша ІІ санатты инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
жанар-жағар май материалдары бойынша ІІ санатты инженер: (Аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және жанар-жағар май материалдары бойынша санаты жоқ инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
жанар-жағар май материалдары бойынша санаты жоқ инженер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, мұнай-газ және жанар май құю станцияларының құрылыстары мен оларды пайдалану) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және мұнай шаруашылығындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
21-параграф. Еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру
жөніндегі инженер

160. Лауазымдық міндеттері.


фермаларға, кешендерге, құс фабрикаларына, жемшөп дайындау және құрама жем цехтарында механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу және оларға қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
механикаландыруға және автоматтандыруға жататын негізгі және көмекші жұмыстар мен операциялар учаскелерін анықтау мақсатында өндірістік процестерді зерделейді;
мал шаруашылығы фермаларын, кешендерін, жемшөп цехтарын механикаландыру және автоматтандыру және оларды қайта жаңарту, өндірістік процестерді, еңбекті көп қажетсінетін қол жұмыстарын, көліктік және басқа операцияларды механикаландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
механикаландыру және автоматтандыру құралдарын монтаждауды, ретке келтіруді және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;
жабдықты монтаждау, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсетуден кейін оны мердігерден қабылдап алуға қатысады;
механикаландыру құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың сапалы орындалуын, жабдықты жөндеуге және пайдалануға арналған материалдық және ақша қаражатының ұтымды пайдаланылуын ұйымдастырады;
механикаландыру құралдарын пайдалану, техникалық баптау және жөндеу бойынша нұсқаулықтар әзірлейді, жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытады;
еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыруға арналған жаңа техниканы, жабдықты, қосалқы бөлшекті, жөндеу материалдарын және құрал-сайманды сатып алуды ұйымдастырады;
жинақталмаған немесе ақаулы механикаландыру құралдарын алған кезде жеткізушілерге шағым ресімдейді;
еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыруға арналған техниканың, жабдықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
жарамсыздыққа жеткен механизмдер мен жабдықты есептен шығаруға арналған құжаттаманы ресімдейді, пайдаланылмайтын техниканы консервациялауды және сақтауды ұйымдастырады;
белгіленген тәртіпте техникалық құжаттама және есептілік жүргізуді, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру бойынша ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етеді;
ұтымды ету ұсыныстары мен өнертабыстарды енгізуге ықпал етеді;
шаруашылық жұмысшыларына жаңа машиналарды, жабдықтарды, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын игеруге көмек көрсету бойынша жұмысты жүргізеді;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
161. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, құрылғыны, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындау тәртібін, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру және автоматтандыру саласындағы жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
162. Біліктілікке қойылатын талаптар.
еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі
І санатты инженер: (Аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі
ІІ санатты инженер: (Аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі
санаты жоқ инженер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет