Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы



бет109/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

12.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
12.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл – экономикалық агенттер, экономикалық бірлестіктер (ұлттық шоттар жүйесінде – институционалдық бірліктер), олар өзінің атынан актив­терге қожалық ете алады, міндеттемелер қабылдай алады, талаптар қояды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асырады. Алайда ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда басты орынды жүйелі ұйымдастырылған субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар: фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары алады.
Кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлға жасаған мүліктік кешен. Фирма – коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлғаның және басқа қатысушылардың арасында бұл тұлғаны бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін атау. Компанияның – бірлескен қызмет үшін кәсіпкерлердің бірлестігі, бұл акционерлік нысан негізінде, дағдыдағыдай, бизнесті ұйымдастырудың компанияның міндеттемелері бойынша қатысушылар жауап бермейтін және оларға тиісті акциялардың құны шектерінде қауіп – қатер тартатын негізгі нысандарының бірі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жоба­лау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-комму­налдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, меди­циналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қызметтерді жүзеге асыратын кәсіп­ор­ындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, сала­лық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылық­аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Қаржылық қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізуші субъектілер­дің ақшалай қатынастарының мынадай ірілендірілген топтарын бөліп көрсетуге болады:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюталық қорлар мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржылық жарналарды (салымдарды) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.



Сурет 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заң­намаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жекеменшік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңи тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.


Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылықтық құрылымдар қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:
республикалық – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуме­ттік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – тиісті аумақ халқының әлеумет­тік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлғалардың жекеменшігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар;
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер;
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар;
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жекеменшіктік шаруашылық жүр­гі­зуші субъектілер;
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет