Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы



бет110/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
12.2 Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер пайда алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылықтық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.
1.Коммерциялық есеп – шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі.
Шығындарда өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық үдерістерді күйіне келтіру, рыноктық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты
Өзін-өзі қаржыландыру – рыноктық экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді.
Рыноктық экономика мен жекешелендіру үдерістерінің дамуы жағдайларында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржылық операциялардан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
2. Жоспарлылық қағидаты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта – қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары – мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер әр түрлі әдістермен өндіріс­тік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтар­дың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет