Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет2/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
1.5 Қаржы жүйесі және оның мазмұны


1.1 Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, оның мәні мен қажеттігі


Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnаnсіа» сөзінен пайда болған француздың «financіа» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.
Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар - бұл қаржылық қатынастар.
Қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерді және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет