Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет6/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Баға және қаржы. Баға жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.
Қаржы және еңбекке ақы төлеу. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен — банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Жалақы көмегімен v толық және т ішінара бөлінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы — салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет