Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет4/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Ұдайы өндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады, яғни олар қаржыны тек қоғамдық өнім құнын бөлумен байланысты болатын өндірістік  қатынастарымен  шектеуді заңсыз деп санайды. Қаржы - өндірістік категория, өйткені ол өндіріс үдерісінде өндірістік қорлардың толық айналымына қызмет көрсетеді және бұл үдеріске белсенді ықпал етеді. Қаржы - айырбас категориясы, өйткені айырбаста қоғамдық өнімді бөлу үдерісі жалғасады және қаржы бұл бөлістің құралы болып көрінеді: қаржы ұдайы өндірістің екінші стадиясында ғана емес, сонымен бірге ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші стадиясында да, яғни айырбаста болатын құн қозғалысын білдіреді; айырбаста сондай-ақ салықтарды аударып салу үдерісі болады; бұдан басқа, қаржы ақшалай қорларды қалыптастырумен қатар оларды пайланумен де байланысты болады, ал ол ақшалай қорларға тауар-материалдық  құндылықтарды сатып алғанда айырбаста болады; қаржы тұтыну категориясына жатады, өйткені қоғамдық тұтыну мен жеке тұтынудың қорларын қалыптастыруға қатысады және олардың көмегімен ұлттық табыстың тұтыну қоры мен қорлану қорына бөлінуінің ақырғы үйлесімдері қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет