Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет116/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
Айналыс қорлары айналыс сферасымен байланысты; оларға қоймалардағы дайын өнім мен тұтынушыларға жөнелтілген өнім, кассадағы және банктерде шоттардағы ақшалай қаражаттар, есеп-қисаптардағы қаражаттар, дебиторлық берешек жатады. Айналыс қорлары өндіріс пен айналысты қауыштырады.
Екі элемент те – айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорлары құндық нысандардың: ақшалай, тауар, өндірістік, үсте-лінген тауар, үстелінген ақшалай нысандардың дәйекті ауысым-дары жолымен қаражаттардың тұрақты, үздіксіз толық айналы-мын қамтамасыз етеді.
Айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларына авансы-ланған ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттары ретінде болады. Айналым қаражатта-рының құрамы, құрылымы өндірістің әр түрлі тұрпаттары мен түрлері кезінде айтарлықтай ажыратылады. Мәселен өндірістік-шаруашылық қызметі ұқсатуға арналған материалдық компоне-нттердің жеткізілімдеріне байланысты болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде, машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте көлік және кепілді босалқы қорларды кіріктіретін өндірістік бо-салқы қорларының үлес салмағы жоғары болады; бұл салалар-ға айналым қаражаттарында аяқталмаған өндірістің жоғары үлес салмағы сипатты болады; бұл құрылыс саласы, ауыл шаруашы-лығы үшін де сипатты; саудада айналыс қорларының үлесі айт-арлықтай. Айналым қаражаттарының жекелеген элементтері айналымының әр түрлі жылдамдығы болатындықтан айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымының факторлары олар-дың жалпы мөлшерінде және сонымен бірге қаржыландыру мүм-кіндіктерінде бейнеленеді.
Айналым қаражаттары авансыланған ақшалай шығындардың орнын толтыру өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, мұның өзі келесі толық айналымға еңбек заттарының кезекті үлестерін сатып алу-ға жағдай жасайды.
Өндірістік қорлардың толық айналымының жоғары баяндал-ған үдерістері жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін сипатты бо-лады.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызмет-терді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толты-рылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың бас-қа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-ма-териалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілерді құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылық қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін – бұл бюджеттік және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының – бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомстволардың орталықтандырылған қаржылық ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың көзі олар-дың кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржылық қорлар – өндірісті дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржылық резерв, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс (пайда) болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері, негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қар-жыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Өндірістік капиталдарды көбейтудің көзі бұдан басқа, айналымнан тыс активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі, айналым активтерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борышқорлық бағалы қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
Өндірістік капиталды пайдаланудың сипаты арнаулы қар-жылық көрсеткіштерден көрінеді және кәсіпорынның қаржылық менеджменттің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынында айқындалады.
Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақша-лай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
Бөлудің классикалық (дәстүрлі) сызбаларында өнім өткізуден түскен түсім-ақша бұл өткізілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түскен ақша қаражаттарының сомасы. Ол өзіндік құнды пайданы, акциздерді, қосылған құн салығын кіріктіреді.
Өткізілген өнімнен түсетін түсім-ақшадан басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің өткізуден тыс операциялардан – негізгі капиталдарды, басқа мү-лікті және т.б. өткізуден түсетін түсім-ақшасы болуы мүмкін. Қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің бағасына қосылатын құнның бірқатар басқа элементтері ( сауда және өткізім шегерімдері, кеден баждары) шаруашылық жүргізуші субъектіге жатпайды, тек ол бюджетпен және басқа ұйымдармен есеп айырысқанда ескеріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары өнім өндіріп, оны өткізуге, басқаша айтқанда, өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалынған шығындардың шаруашылық жүргізуші субъектіге қаншаға түс-кенін көрсететін материалдық қаражаттар ( шикізат, материалдар, отын, энер-гия, құрал-жабдық және т.б.) шығындарының және қажетті еңбектің жиынтығы. Шығындардың ақшалай тұлғалануы өзіндік құн болып табылады. Өзіндік құнға кіріктірілетін өнім, тауарлар, қызметтер өндіруге және оларды өткізуге жұмсалатын шығындар арнайы бекітілетін қағидамен анықталады; шығындардың құрылымы өндіру мен өткізудің салалық және басқа ерекшеліктеріне байланысты болады. Алайда жалпы бұл шығындар олардың экономикалық мазмұнына сәй-кес мына элементтер бойынша топтастырылады:
материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құны шегерілгеннен кейін);
еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар;
негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар;
басқадай шығындар.
Өнім, жұмыс және қызметтер өлшемінің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау кезінде шығындар өндірістің сипаты мен құрылымы еске-рілетін салалық әдістемелік ұсыныстармен анықталатын баптар бойынша топтас-тырылады. Осы мақсаттар үшін шығындар тура және жанама, шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы, элементтік және кешенді болып сыныпталуы мүмкін.
Өнім өткізуден түскен түсім-ақша (қосылған құн салығы мен акциздер-сіз) және оны өндіру мен өткізуге жұмсалынған шығындар арасындағы айырма өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен пайда болып табылады. Оған шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдары мен басқа мүлігін өткізуден түскен табыс, сондай-ақ өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар қосылады.
Өнімді өткізу кезінде түсім-ақша мен өзіндік құн арасынан жағымсыз нә-тиже де – зиянда алынуы мүмкін. Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс зияндарда болуы мүмкін: алынған айыппұлдардан төленгендердің асып түсуі, валюталық есеп-қисаптар мен операциялар бойынша теріс бағам айырмасы, кү-ші жойылған тапсырыстар бойынша зияндар, дүлей аппаттардан болған сақтық төлемдерімен өтелмейтін ысыраптар және т.б.
Жалпы аталған құрамды бөліктер кәсіпорынның баланстық табысы (пайдасын) немесе зиянын құрады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандартта-ры бойынша «өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс» көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс бейнелеп көрсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан басқа, қосылған құн салығын, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы (мүдде), яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да кіріктіреді.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны ара-сындағы айырым жалпы табысты (пайданы) құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды бейнелеп көрсетпейді – олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, атап айтқанда:
жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылық және әкімшілік арналымы шығыстарының сомасы);
өткізуге (тауар-материалдық босалқы қорларды сатуға) байланысты шығыстар;
пайыздар (алынған кредиттер, мүлікті жалдау үшін және пайыздар бойынша басқадай шығыстар) бойынша шығыстар.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым не-гізгі қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені бей-нелеп көрсетеді және «негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян)» деп аталады.
Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян) – активтерді пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.
Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғаннан дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табысты (зиянды) көрсетеді. Одан корпоративтік табыс салығы шегерілгеннен кейін салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табыс (зиян) болады. Төтенше жағдаяттардан болған зиянға түзетілген ол шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы (зияны) болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет