Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет99/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
ДӘРІС №11. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға сыртқы экономикалық қызмет сферасындағы қаржының ролі мен қызметі, елдің төлем балансы мен валюталық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану мәселелерін түсіндіру.
Негізгі терминдер: сыртқы экономикалық қызмет, сыртқы сауда, шетелдік инвестиция, импорт, экспорт, кедендік баждар, төлем балансы


11.1 Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасыжәне оның даму бағыттары
11.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
11.3. Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
11.3. Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
11.4. Елдің төлем балансы


11.1 Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасыжәне оның даму бағыттары
Рыноктық қатынастарға көшу өзара байланыста және әлемдік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы болып табылады (22.1 сызбаны қараңыз).
Іс-қимыл жасаудың айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржылық қатынастар ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық үдерістің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытуда қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық үдерістерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру;
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда – тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды, ақпаратты, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіптік қызмет;
2) шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
4) ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық;
5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп- айырысымдарын жүргізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігі шетелде өнеркәсіптік, азаматтық, көлік және өзге объектілерді тұрғызу немесе салу болып табылады; алайда қызметтің бұл түрін қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың формалды мойындалған жетіспеушілігінен Қазақстан қолданбайды. Осымен бір уақытта экономиканың «көлеңкелі» секторы шетке «капиталдың жылыстауы» болып табылатын шетелдік активтерге: шетел банктеріндегі депозиттерге, бағалы қағаздарға капитал салу нысанындағы сыртқы инвестициялауды, жылжымайтын мүлік сатып алуды және т.б.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды – айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы білінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шет елдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық және кредиттік қатынастардың негізіне қойылған (22.1 сызбаны қараңыз)
Сыртқы сауда экспорт пен импортты кіріктіреді. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрлымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет