Бюджет шығыстарын жоспалау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын, өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді, бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстардың көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге құжаттардың жиынтығы болып табылатын бюджеттік өтінімдер жасайды.
Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ішкі жалпы өнімге ақшалай тұлғалауда және пайызбен көрсетіледі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және оны Үкіметтің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
Республикалық бюджет әуелі Мәжілісте, ал сонан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса Президент кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдар-ламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.