Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Мемлекеттің фискалдық саясаты: түсінігі, түрлері және құралдары



бет39/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
3.4 Мемлекеттің фискалдық саясаты: түсінігі, түрлері және құралдары
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджеттік (мемлекеттің шығыстары) және салықтық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуде затталады
Экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын ұйғарады.
Қаржылық-экономикалық реттеуде фискалдық және монетарлық саясаттардың өзара әрекеттерін қарастыру қажет.
Монетарлық саясат өзге құрамдас бөліктерден басқа ұлттық валюта бағамына – төмен (арзан ақшалар) және жоғары (қымбат ақшалар) – ықпал жасау бойынша шаралар жүргізуді кіріктіреді.
Өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық және өндірістік қуаттарды жеткіліксіз пайдалану кезінде монетарлық өкіметтерге арзан ақшалар саясатына жүгінуі керек. Арзан ақшалар саясаты кредитті арзан және жеңіл қолжетерлік етеді. Ақшалай ұсынымды көбейту үшін орталық банк белгілі бір құрамдастырымда мынадай іс-әрекеттерге кіріседі:
1) ашық рынокта банктер мен халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу;
2) резервтік норманы төмендету;
3) қайта қаржыландыру мөлшерлемесін (есептік мөлшерлемені) төмендету.
Нәтижесінде коммерциялық банктер жүйесінің артық резервтері көбейеді. Егер солай болса артық резервтер кредиттеу арқылы коммерциялық банктердің ақшалай ұсынымын көбейтудің негізі болып табылады, елде ақшалай ұсынымның артуын күтуге болады. Ақшалай ұсынымның көбеюі инвестициялардың өсуін және тепе-теңді ТҰӨ-нің көбеюін тудыра отырып, пайыздық мөлшерлемені төмендетеді. ТҰӨ өсетін шама инвестициялар өсімінің жеке дәрежесіне және табыстар мультифликаторының мөлшеріне байланысты болады.
Керісінше, егер ақшалай ұсынымның көбеюі сұраным инфляциясын тудырса, орталық банк қымбат ақшалар саясатына иек артады. Қымбат ақшалар саясаты кредитке қолжетерлікті азайтады және оның шығындарын көбейтеді. Орталық банк бірқатар құрамдастырымда мынадай іс-әрекетке кіріседі.
1) ашық рынокта депозит мекемелері мен халыққа мемлекеттік бағалы қағаздарды сату;
2) алдын ала жазып қойылатын резервтік норманы көбейту.
3) қайта қаржыландыру мөлшерлемесін (есептік мөлшерлемені) көбейту.
Мұның салдарынан пайыздық мөлшерлеменің артуын тудыра отырып, ақшалай ұсыным қысқарады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі жиынтық шығыстарды азайта отырып және сұраным инфляциясын шектей отырып, инвестицияларды қысқартады.
Ашық экономика жағдайларында бұл себептік-салдарлық байланыстар мынадай түсіндірме алады.
Құлдырауды әлсіретуге бағытталған арзан ақшалар саясаты ел ішінде пайыздық мөлшерлемені азайтады. Бұл елге қаржылық капиталдың ағынын азайтады. Демек, шетелдік валюта рыноктарында оның құнсыздануын тудыра отырып: шетелдік валютаны сатып алу үшін ұлттық валюта көбірек қажет болады, ұлттық валютаға сұраным түседі. Бұл ел азаматтары үшін шетел тауарларының қымбат бола бастағанын және керісінше, шетелдіктер үшін отандық тауарлардың арзан бола бастағанын білдіреді.
Нәтижесінде импорт қысқарады, ал экспорт ұлғаяды, немесе таза экспорт жиынтық шығыстар мен тепе-тенді ТҰӨ көбейеді.
Пайыз мөлшерлемесі өсетіндіктен (мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсетіндіктен және салықтар қысқарады; мемлекеттік бюджет қарыздар есебінен қаржыландырылады; үкімет тарапынан қаржылық ресурстарға сұраным пайыздық мөлшерлемені көбейтуді тудырады), Таза экспортты төмендететін ынталандырушы фискалдық саясаттан айырмашылығы – тәсіл кері бағытта – мөлшерлемелерден бастай отырып, іс-әрекет етеді.
Арзан ақшалар саясаты экспорттың көбеюі есебінен сауда балансын жақсартады (тапшылықты төмендетеді). Қымбат ақшалардың кері нәтижесі болады: импорт көбейеді, экспорт қысқарады, сауда тапшылығы өседі. Сондықтан баламалы таңдау туындайды: ел ішінде экономикалық тұрақтылыққа жету үшін монетарлық саясатты пайдалану немесе халықаралық саудадағы тепе-теңдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет