Байланысты: Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
6.3Экономикалық арналымының бюджеттен тыс қорлары Дамудың мемлекетік институттары ретінде бюджеттен тыс экономикалық қорларды – Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық қорларды құру 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының (қазіргі уақытта—2010-2014 жылдарға арнлаған елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемелекеттік бағдарламасының) мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттылықтан шығуға жәрдемдесетін салалық экономиканы әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына жету, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар дайындау. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер сферасында бәсекеге қабілетті және экспорттық-бағытталынған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты предметі болып табылады.
Проблемаларды шешу және қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Стратегия шеңберінде даму институттары құрылған.
Ұлттық даму институттары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму саласындағы жобаларды және кәсіпкерлікті қолдауды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.
Қазақстанның даму банкін жандандыру, Қазақстан инвестициялық қоры, Ұлттық инновациялық қор, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорациясы сияқты дамудың арнаулы институттарының жұмыс істеуі болжанады. Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялық саясатты және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен зерттемелерді қолдауды жүргізеді.
Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттері негізге алына отырып құрылып отырды. Бұрын жұмыс істеген қорлар практикасы мұны растайды: мысалы, әр түрлі уақытта Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры, Жол қоры жұмыс істеді. Экономикалық қорлар қаражаттарды дамудың немесе шешуші салалардың негізгі бағыттарын, сондай-ақ дамудың салааралық бағдарламаларын қаржыландыруға шоғырландыру үшін құрылады. Бұл ретте бүкіл экономиканың балансты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылады.
Мәселен, Инвестициялық қордың қаражаттары негізгі капиталдың ұдайы толықтырылуының қол жеткен ауқымдарын қолдау, әлеуметтік сфераны одан ары дамыту үшін пайдаланылды. Күрделі қаржы жұмсалымын қаржыландыру өнеркәсіп кәсіпорындарын рентабелді өнім шығаруға қайта бейіндеу үшін, оларды қайта құру (жаңғырту) үшін мүмкіндіктер жасауға Үкімет бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша жүргізілді.
Экономиканы жаңғырту қоры өнім (жұмыс, қызметтер) құнының 5% мөлшеріндегі міндетті аударымдар есебінен қалыптасты, бұл аударымдар өндіріс шығындарына (залалды кәсіпорындарды шығарып тастағанда) кіріктірілді.
Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры рыноктық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, меншіктің әр түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау көрсету, кәсіпкерлікті, бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу бойынша шараларды кредиттеудің прогрессивті нысандары мен бюджеттік қаржыландыруды тиімді үйлестіру мақсаттарында ұйымдастырылған болатын.
Жол қоры жалпы арналымдағы автомобиль жолдарын салумен, жаңғыртумен және ұсынумен байланысты ақшалай қаражаттарды шоғырландырды, яғни қаржы жүйесінде айрықшалықты шаруашылық қызметпен байланысты тар мамандандырылған буын болып табылды.
Қазақстан Республикасында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды атқару үшін 2008 жылы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды, оның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. «Самрұқ» мемлекет активтерін басқару жөніндегі «Қазақстандық холдинг және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдары «Самрұқ- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.
«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру және әлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге мүмкін жағымсыз әсерінің факторларын төмендету үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқарушы компания болады. Ұлттық инновациялық қор дамудың ұлттық институты болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор қызметінің мақсаты елде жалпы инновациялық белсенділікті арттыру болып табылады, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының Ұлттық инновациялық қордың қызметіне араласуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған негіздемелер бойынша, тәртіппен өзінің міндеттемелерін атқармағаны немесе жете атқармағаны үшін Ұлттық инновациялық қордың жауапкершілігі болады.