Эмитенттер бойынша
Мемлекеттік (үкіметтік) – (МҚМ, ҰЖО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары)
Биліктің жергілікті органдарының бағалы қағаздары
Корпоративтік ( акциялар, мемлекеттік емес заңи тұлғалардың облигациялары)
Шетелдік (шетелдік инвесторлардың бағалы қағаздары)
Табыстарды төлеу әдісі бойынша
Тұрақты табысы бар бағалы қағаздар (акция), соның ішінде тіркелген табысы бар (артықшылықты акциялар)
Біржолғы табысы бар бағалы қағаздар (купонсыз облигация – МҚМ) және тұрақты табысы бар (тоқсан сайын, жарты жылдық, жылдық)
Эмиссия нысандары бойынша
Эмиссиялық (акциялар, облигациялар) жаппай таралыммен (тиражбен) жүзеге асырылады және уәкілетті органда тіркеуге жатады
Эмиссиялық емес (вексель, коносамент) біржолғы тәртіппен шығарылады және уәкілетті органда тіркеуге жатпайды.
|
Сурет 2. Бағалы қағаздардың сыныптамасы
Инвестuциялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектi болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесiн, инвестициялық және кредиттiк тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қоpғay кепілдікктерін және басқа факторларды ескере отырып қоp бағалы қағаздары үш топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, муниципалдық және мемлекеттiк емес.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар – бұл мемлекеттiк iшкi борыштың болуының нысаны; эмитентi мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға билiктiң жергiлiктi органдарының борышқорлық мiндеттемелерi жатады.
Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар корпоративтiк және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келедi. Корпоративтiк бағалы қағаздар болып кәсiпорындардың, ұйымдapдың, банктердiң борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Егер бағалы қағаздар кейiн салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулi мезгiлге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушiлiк бағалы қағаздар тиiстi активтерге меншiк құқығын бередi. Бұлар акциялар, вappaнттap, конocaмeнттep және басқалары.
Қазiргi әлемдік практикада өмip cүpeтiн бағалы қағаздар негiзгi және туынды болып бөлiнедi. Жалпы бағалы қағаздарды екі негізгі категорияға – үлестік (акциялар) және борышқорлық (облигациялар) бағалы қағаздарға бөлуге болады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлiк және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушығa тиесiлi болады. Ордерлiк бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында айналыста корпоративтiк және басқа (фьючерстер, опциондар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Негiзгi бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Акция – акционерлiк қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түpi мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуғa және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкiнiң бiр бөлiгiн акционерлердiң алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Акционерлiк қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылады.
Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.
Артықшылықты акциялардың меншiк иелерiнің – акционерлердiң жай акциялардың меншік иелеріне – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиiс.
Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс-берiсi акционерлiк қоғамның акцияларын тipкey кiтабында тiркелетiн акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесiнiң компания акционерi ретiндегi заңды құқықтарын қуаттайтын акция түpi. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушiнi тipкeyдi қажет етпей-ақ бағалы қағаздар рыногында epкiн сатып алу-caтуғa мүмкiндiк бередi.
Облигация – ұстаушысына (иесiне) оның белгiленген құнының тiркелген пайызы түрiнде табыс түcipeтiн бaғалы қағаз; мемлекет немесе кәсiпорын iшкi қарыз шығару кезiнде белгiлi бiр шарттар негiзiнде беретiн борыштық мiндеттеме; жалған капитал нысандарының бiрi. Облигация өзiнiң ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетiлген сыйақыны не өзге мүлiктiк құқықты алуына құқық бередi. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлетiн сыйақы есептелетiн ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома. Облигациялар, сөйтiп, олардың иелерi (кредиторлар ) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдap (дебиторлар) арасындағы қарыздық қатынастарды растайды.
Облигациялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мaқсaтты),epкiн айналатын немесе айналысы шектеулi болып шығарылуы мүмкін. Кәсiпорындар облигациялардың барлық түрлерiн меншiктi қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебiнен сатып алады.
Облигациялардың мынандай түрлерi болады:
агенттiк облигация;
ипотекалық облигация;
қамтамасыз етiлген облигация;
iшкi мемлекеттiк және жергiлiктi қарыздардың облигациялары;
мемлекеттiк емес облигациялар;
акционерлік облигациялар;
кәсiпорындардың облигациялары.
Агенттiк облигация – қаржы агенттiгi шығаратын облигация. Ол қаржы агенттеріне мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру кезінде қарыз алулардың тиімді саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ипотекалық облигация –жылжымайтын мүлiктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепiлiмен (ипотекалық куәлiктердiң кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық aктісімен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлген облигация және тұрақты пайыз әкелетiн ұзaқ мерзiмдi бағалы қағаз.
Қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге тәсiлдермен қамтамасыз етiлген облигация.
Ішкiмемлеккеттiк және жергiлiктi қарыздарды өткiзуден алынған қаражаттар тиiстi бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелерi таратады. Пайыздық iшкi және жергiлiктi қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленедi.
Кәсiпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Бүгiнде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МEУКAМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар.
Ұлттық банктiң қыcқа мерзiмдi ноталары 7 күннен 1 жылға дейiн айналыс мерзiмiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. Олар aқшaлай-кредиттік саясаттың мақсаттарын iскe асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшiн пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан берi шығарылып келеді.
Айналыс мерзiмi 7 жыл және бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.
Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегiнуi) мүмкін. Депозит және жинақақша сертификаттарының Қазақстандық практикада қабылданған негiзгi айырмашылығы депозит сертификаттарының иелерi заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелерi жеке тұлғалар бола алатындығына.
Бағалы қағаздардың тегінде басқа дамыған экономикалық жүйелердiң қаржы рыногында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және caтуғa олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржылық құралдар (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстiк және опциондық контракттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлiк куәлiктер,биржа индекстерi бойынша опциондар мен фьючерстер және бiрқатар басқалары пайдаланылады.
Фьючерстiк операцuялар – биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады.
Своптар кезiнде шұғыл жеткiзiлiм шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбiр активтi – қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды, тауарларды сатып алу (сату) жінiнде мәмiлелер жасалады, бұл орайда сонымен бiрге белгiлi бiр мерзiмге кepi мәмiле жасалады.
«Своп» операцияларының алуан түрлерi бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар.
Опциондарда мерзiмдiк биржа мәмiлелерiне енгiзiлген шарт бойынша тараптардың бiрiне мәмiленiң бiрiн-бiрi жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бiрiн таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы берiледi.
Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы рынокта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаз.
Депозитарийлық куәлiк – бұл түрлi компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.
Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгiлi бiр баға бойынша белгiлi бiр кезеңнiң iшiнде эмитенттiң акцияларды сатып aлyға жеңiлдiктi құқығын бiлдiредi. Варранттың кәдуiлгi мезгiлi 5-20 жыл.
Қазақстанда қазақстандық депозитарийлық қолхаттар (ҚДҚ ) – басқа мемлекет заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы эмитенті-бейрезидентінің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаздары пайдаланылады. Қор құралының жаңа түрі ҚДҚ америкалық депозитарийлық қолхаттарына, Еуропалық қор рыногының жаһандық депозитарийлық қолхаттарына, басқа елдер рыноктарының жергілікті депозитарийлық қолхаттарына ұқсас.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктермен – қаржылық және баға тәуекелдерін сақтандырумен (хеджерлеумен), өтемпаздықтың артуымен, қарыз алулар құнының төмендеуімен, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |