Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет73/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастардың негізі.
Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады.
Рыноктық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтері өзгеше сақтық қызметтеріне түрленеді және мұндай қызметтердің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтердің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтеріне сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады.
«Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтады.
Сақтандыру үдерісі сақтандыру келісімшарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет