Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру келісімшарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру жағдайы сақтық төлемдердің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
Достарыңызбен бөлісу: |