Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынансақтандыру сақтандырылу-шының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
10.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.