Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет75/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды кіріктіреді: өмірді сақтандыру; аннуитеттік* сақтандыру; өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру; сақтандырушының инвестициялық табысына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
Өмірді сақтандыру азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыру және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Өмірді сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы жұмыскерлері сақтандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет