«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»



бет3/4
Дата13.02.2017
өлшемі3,44 Mb.
#9307
1   2   3   4

Сорттық бақылау – апробатордың (апробация–грек.-анықтау, мойындау) байқау арқылы немесе апробациялық бауды сараптау арқылы, өсімдіктер мен тұқымдардың қандай сортқа (буданға) жататындығын, олардың сорттық тазалығын (тәнділігін) және егістіктердің тұқымдыққа жарайтындығын анықтау.

Сорттық бақылаудың негізгі әдісі - далалық апробация, барлық ауылшаруашылық дақылдар үшін жүргізілетін шара. Далалық және қоймалық апробация- мен қатар, топырақты және зертханалық бақылау сияқты көмекші әдістер, сорттық тазалық пен түрлік өңпішінін, жүгері будандарының аталық гүл шоқтарының стирилділіктерін, күнбағыс тұқымының түсі мен панцирлығын, сұлы тұқымының түр өзгешеліктерін, қатты және жұмсақ бидай тұқымдарының айырмашылықтарын т.б. анықтау үшін қажет.

Жылда, сорттық және егістік сапалары бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес, жергілікті және аудандастырылған селекциялық жақсы сорттар, будандармен барлық егістіктерді қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылық дақылдардың сорттық егістіктерінде түгелдей апробация және жүгері мен соргоның будандық учаскелерінде тексеру жұмыстары атқарылады.



Апробация мен танаптық тексерудің негізгі міндеттері – сорттық және будандық егістіктердің тұқымдық материал есебінде пайдалануға болатынын анықтау. Сорттық егістікті апробациялау нұсқауына сәйкесті сорттық егістіктер тұқымдық мақсатта пайдаланатын тұқымдар, өздігінен тозаңданатын линиялар егістіктері, сонымен қатар жай будандар егістігі, тұқым көбейтуге бағытталған арнайы тұқымшаруашылықтары егістіктері жылма – жыл апробациядан өтуілері керек.

Далалық апробацияның негізгі мақсаты – көбейтілетін сорттардың дұрыстылығын белгілеу,ол егістіктердің таза сорттылығын анықтау, олардың аурулармен залалдануын, арамшөптермен ластануын, яғни егістіктің тұқымға пайдалануға жарамдылығын анықтау, елдің барлық шаруашылықтарын аудандастырылған және келешегі мол сорттардың жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету.

Апробацияның міндеттері - сортық егістіктердің сапасын және олардың өнімін тұқым ретінде пайдалануға болатынын айқындау. Егістіктердің сапасын келесі көрсеткіштер арқылы шешеді: сорттық тазалық, қиын бөлінетін арамшөптер және мәдени өсімдіктер, карантиндік, улы, қауіпті арамшөптермен ластануы.

Апробатор - ауылшаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістіктерінде, тұқым-шаруашылығы бойынша апробация жүргізуге мемлекеттік уәкілдікпен аттестатталған жеке тұлға.

Сорттық егістіктерді апробациялау,апробатор- маманнан апробацияланатын сорттардың аймақтық, морфологиялық және биологиялық – шаруашылық нышандарын, олардың өсу жағдайларын жақсы білуді талап етеді. Сонымен қатар, әрбір ауылшаруашылық дақылдар сыртқы жағдайлардың әсерлерінен, өздік белгілері мен қасиеттерін өзгертіп отыратындығын ұмытпаулары керек.

Егіншіліктің жетістіктері, жақсы жолға қойылған тұқым шаруашылықтарына, химиялық, биологиялық және агротехникалық шаралар арқылы арамшөптермен, зиянкестестер және аурулармен күресе білуіне көп байланысты



Дәріс17 Апробация жүргізетін жауаптылар және тұқымдық егістіктер.
1. Апробация жүргізілетін тұқымдық егістіктер

2. Апробацияны жүргізуге жауаптылар



1Апробация жүргізілетін тұқымдық егістіктер.

1. ҒЗИ тәжірибе шаруашылықтарында және жоғарғы оқу орындарының оқу- тәжірибелік егістіктері мамандырылған тұқымды шаруашылықтардың тұқымдыққа пайдалынатын өнімдері; сондай-ақ кең таралмаған және келешегі мол сорттар.

2. ҒЗИ, жоғарғы оқу орындары мен колледждерімен оқу-тәжірибелік шаруашылықтары және арнайы тұқымдық кешендердің көбейту көшеттіктерінде, будандастыру учаскелерінде көбейту үшін егілген өздігінен тозаңданатын барлық егістіктер.

3. Будандастыру учаскелерінде, тұқымдардың жайлы бірінші ұрпақтық (тауарлық пайдаланатын) қатараралық қосқабат, үшқабаттық, бесқабаттық, алтықыбаттық, сортқабаттық және сорттаралық будандарда, алқаптық тексеріп қарау.

4. Астық және майлы дақылдардың, жүгері мен құмайдың бірінші ұрпақтық будан тұқымдарымен себілген сорттық егістіктері тіркеуге алынады.

5. ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықт арында, элита - тұқымдық шаруашылықтарында, элита және 1 репродукциялық тұқымдарды өндіруге тапсырыс алған жағдайда, сорттық егістіктердің апробациясын, көбейту питомнигінен бастайды.

6. Сорттар мен дақылдардың апробациялық көлемдері жылсайын АӨК бекітіледі. Ескерілетін жағдайлар: шаруашылықтарды тұқымдардың аудандастырылған жақсы және болашағы мол тұқымдар мен будандардарға, сұраныстарын қамтамасыздандыру, сақтандандыру, ауыспалық қорларды жасау, мемлекеттік астық дайындау жоспарларын орындау, соның ішінде (шет елдерге сатылатын астықтың көлемі), шаруашылықтарға керекті тұқымдардың сақтандандыру қорлары.

2. Апробацияны жүргізуге жауаптылар

А(1) ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындары мен колледждердің оқу-тәжірибелік шаруашылығында сорт-тұқымдық бірлестіктердің агрономдары, дақылдардың сәйкестігіне байланысты селекциянердің қатысуымен немесе алғашқы тұқымшаруашылықтық бөлімінің жұмыскерімен.

- дақылдар бойынша, егістіктерді апробациялауда аурулармен зақымдану болса апробацияны жүргізуге өсімдіктерді қорғау станциясыларының мамандары шақырылады.

Б(2) ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындары мен техникумдардың оқу-тәжірибелік шаруашылығында сорт-тұқымдық бірлестіктердің агрономдары немесе мемлекеттік тұқым инспекциясының картоп саласының агрономдары мен «Сортсемовощ» бірлестіктерінің агрономдары.

В(3) арнайы мамандандырылған тұқымдық және тұқымдық шаруашылықтарда РАӨК немесе мемлекеттік тұқымдық инспекциясының агрономдары.

- көпжылдық шөптердің тұқымдық шаруашылықтарда, өнімдері мамандандырлған тұқымдық бірлестіктерге, станцияларға тапсырғанда – аталған мекемелердің агрономдары.

- тұқымдық шаруашылықтарда – РАӨК өкілі мен шаруашылықтың өкілі бірлесіп.

- ірі астықтық корпорациялары мен басқа шаруа-қожалық шаруашылықтарда өздерінің агрономдары, олар болмаса басқа шаруашылықтар мен ұжымдардың агрономдары.

- ірі астықтық корпорациялары мен тұқымдық бригадаларда – шаруашылықтардың бас агрономы мен бригаданың агрономы бірлесіп.

- ЖШС және шаруа-қожалық шаруашылықтарда егістіктерді тіркеуді өздерінің агрономдары жүргізеді.

- өнімдерінен мемлекеттік қор жинау болса, астық қабылдауыш мекемелердің агрономдары, егістіктердің апробациясына қатынасуына құқықты.

- (А,Б және В) пункіттері бойынша, тұқыммен айналысатын агроном, көбейту питомнигінде сорттық тұқымдар өндірісін басқарса да, апробация жүргізуге құқығы жоқ.

4. Апробатор бауларды (үлгі) алып, оларды талдайды және апробациялық құжаттарды толтырады. Ол егінді жинауды бастағанша апробацияны аяқтап, егістіктіктерді тіркеуге алып, аға апробатормен тексерілген апробациялық құжаттартарды шаруашылықтарға тапсырады.

5. Дәнді дақылдардың (1 ұрпақтық буданды тұқұмдармен себілген егістіктерді қосып) және майлы дақылдардың сорттық егістіктерін өсіп тұрғанда байқап, бауды (үлгі) алмай, себілген тұқымдардың сорттық құжаттары бойынша, тір кеу актілері жасалынып есепке алынады.

6. Апробациялық бауларды (үлгілер) апробатор шаруашылықта, әдейі бөлінген орындарда талдайды.

7. Шаруашылық әкімшілігі апробацияны жіргізу кезеңінде, апробаторға жол нұсқалған тәжірибелі жұмыскерден көмекші береді (бауды жинауға, сабақтарды санау үшін көмектесуге) және жылжымалы көлікпен қамтамасыз етеді.



Дәріс18 Апробацияға дайындық жұмыстар және сорттық егістіктерді тіркеу.

1 Апробациялауға дейін, істейтін шаралар.

Апробация және егістіктерді тіркеуге алу үшін, егістіктер селекциялық, жергігілікті тұқымдардар мен өздігінен тозаңданатын топтар және будандармен себілгендігін дәлелдейтін төмендегідей құжаттар керек – апробация актісі, сорттық куәлік (213 ф), тұқым куәлігі (216 ф), немесе жергілікті сорт туралы анықтама (201ф) егер бірінші рет аудандастырылған болса.

Апробатор егістіктерді тіркеуге және апробациялауға дейін, мынандай шараларды іске асыруға міндетті:

1. Шаруашылықта себілген сорттық және будандық тұқымдардардың куәлігін тексереді, құжаттар болмаған жағдайда оларды қалпына келтіру шараларын қарастырады;

2. Тұқымдарды шаруашылықта сақтау немесе егу кезінде апробацияланатын өздігімен тозаңданатын топтардың сорттары мен будандарының басқа сорттар және будандармен араласпағанын анықтау. Себілген егістіктердің көлемін және орнын, сонымен қатар алғы егісті анықтау.

3. Сорттық егістіктерді күн бұрын байқау, керек болса егістіктердің сорттық сапасын жақсарту үшін керекті шараларды ұйымдастыру (сорттық және түрлік отаулар, арамшөптерді жою т.б.).

4. Дәнді, дәндібұршақтық және майлы дақылдардың тұқымдық егістіктерінің сорттық отауын апробацияға дейін; өздігімен тозаңданатын дақылдарды масақтану және қамырланып пісу кезінде; айқас тозаңданатындарды – гүлдеу және ору алдында.

Көбейту питомнигінде, суперэлита және элиталық егістіктердің апробациясының актісінде сорттық отауды жүргізгенде жойылған қоспалар туралы деректер көрсетіледі.

- Дәнді, дәнді-бұршақтық, тарылық және майлы дақылдардың егістіктерін шынайы бақылауда, апробатор көз мөлшерімен апробацияланған егістіктердің өнімдіктерін бағдарлап анықтайды. Апробацияланатын әр танаптардың шекарасын бөлектеп белгілейді.

5. Апробациялық бауларды алу үшін танаптармен жүру жолдарын белгілейді. Айқас тозаңданатын дақылдар үшін арақашықтық кеңістіктерді сақтау керек.

6. Сорттық және будандық тұқымдардарды көбейту ережелерін сақтамаған жағдайларда, тұқымдық егістіктер есебінен алынып тасталынатын танаптарды белгілеп, оларды бөлек оруға тапсырыс беріп, керек болса қосымша тұқымдық егістіктерді белгілеу.

7. Айқас тозаңданатын дақылдар үшін арақашықтық кеңістіктерді сақтау ережелері бұзылса, мұндай танаптар тұқымдық егістіктер есебінен алынып, бөлек орылуы қажет.

8. Жоғарыда аталған жұмыстардың бәрін орындап болғасын апробатор, апробациялық актінің керек жерлерін толтырады және сорттық егістіктердің тіркеу актісін құрастырады.
Дәріс19. Апробациялық баулар алу, оны талдау және құжаттарды толтыру.

1 Апробациялық баулар алу (сноп)

2 Апробациялық бауларды талдау (үлгілер). 3 Құжаттарды толтыру.

1Апробациялық баулар алу (сноп).Сорттық егістіктердің жарамдылығын анықтағасын апробатор, тұқымдық мақсат үшін, егістік танаптардың әрқайсысынан апробациялық бау (үлгі) алады. Апробацияның техникасы апробациялық бауды алу, оны талдау және тұқымның сорттық сапасына құжаттарды толтыру. Апробатор егістіктің ұзын диагоналы бойынша өтіп, біркелкі қашықтықтан таңдамай, өсімдіктердің қажетті санын бау үшін, собықты, дәнді және атбас бұршақты жинап алады, ал кейбір дақылдарды (көпжылдық бұршақ тұқымдас) сараптауды өсімдіктер тік тұрғанда анықтайды. Кең қатарлы себуде диагонал бойынша сатылап жүреді.

ҒЗИ ТӨШ және жоғарғы оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруалышығында, сондай-ақ элиталық – тұқым шаруашылықтарында екі апробациялық бау алады екі көлденеңдіктен. Әрқайсын бөлек талдайды. Сорттың тазалығымен және басқа көрсеткіштерін арифметикалық орта есеппен алады.

Егер егістік танабының көлемі бір бау алатын көлемнің шегінен асып кетсе, ол көлемді екіге не бірнешеге бөліп бау алу керек.

Шаруашылықтарда бірнеше кішкентай егістіктерден бір бау алынады, егер телімдер біркелкі болып және бір топтық тұқымдардармен егілсе. Апробатор алған бауды байлайды және бір этикетканы ішіне, екіншісін сыртына байлайды. Этикеткаға (192 ф) шаруашылықтың атауын, ауыспалы егістің танабын, көлемін, дақылдың түрін, сортты, бауды алған уақытты жазады. Апробатор бауды алумен қатар көзбен карантиндік арамшөптердің бар жоғын және барлық арамшөппен ластануды мынадай шкаламен анықтайды:

0 – ластанбаған.

1 – азғантай ғана ластанған (3-зияндану шегі).

2 – орташа ластанған.

3 – күшті ластанған.

Бауды алуды (апробацияны) өсімдіктердің сорттық қасиеттері (апробациялық) нақтылы білінген кезде жіргізу керек.

2. Апробациялық бауларды талдау (үлгілер).

1. Апробациялық бауды талдау, сұрыптап алғаннан кейін, екі күннен кешікпей, арнаулы орында жүргізілуі қажет.

2. Бауларды түгелдей топтарға бөледі, сосын топтардың әрқайсысын сараптайды.

Бауды сараптағанда анықтайтынымыз:

- сорттық тазалықпен егістіктердің тәнділігін;

- қиын бөлінетін мәдени өсімдіктермен ластануын;

- карантиндік; улы; қатерлі;

- қиын бөлінетін арамшөптер;

- аурулармен залалдануы және зиянкестестермен зақымдануы.

Карантиндік арамшөптер – ойраншөптің және арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғыласы, тікенек алқа, көгілдір укекіре.

Қатерлі арамшөптер – құмай, түлкі құйрықты ақ мия, егістік сарықалуені, дала қалуені, сүттеген, дала шырмауығы, бидайық, жау қияқ, татарлық сүттеген, қарасұлы.

Улы арамшөптер – триходема, сүйелжазар.

3.Апробатор сорттық тазалықпен егістіктердің тәнділігін анықтағанда, сорттардың кейбір нышандарының жергілікті топырақты-климаттық жағдайларға, дақылдың агротехникаға және басқа факторларға байланысты морфологиялық құбылмалығын ескеруі керек.

4. Барлық фракциялар мен бауды талдағаннан кейін әрқайсысындағы сабақтар санын есептейді. Барлық фракцияларды бөлек, негізгі сорттардың сабақтарын жүзден буады. Этикетка тағады. Этикеткада қосымша апробациялық баудың номері және сорт тазалығы процентпен көрсетіледі.

5.Жергілікті сорттарды апробациялағанда сорттық тазалықты немесе тәнділікті анықтамайды, апробациялық актіде тек жеке түрлердің құрамында, бір түрдің құрамын процентпен көрсетеді.

6. Сорттық тазалықтың процентін есептеу ондық бүтінмен аяқталады.

7.Жергілікті сорттарды апробациялағанда апробатор актіде олардың ең көбін көрсетеді. Сорттың ботаникалық бір түрінің саны 85 % кем болмауы керек, егер кем болса апробациялық актіде: «Әр түрлі немесе типтердің қоспасы» деп толтырылады.

8.Селекциялық сорттар, жеке түрлер жергіліктілер сияқты апробацияланады.

9. Масақтылар мен бұршақтық дақылдардың қоспасы апробацияланбайды.

10.Бау сұрыптаудан кейін сақтау үшін қоймаға тапсырылады, кілтші апробациялық актіге қол қояды. ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, мамандандырылған тұқымдық және тұқымдық шаруашылықтарда бауды сақтау мерзімі 12 ай, жай шаруашылықтарда - 6 ай.

3 Құжаттарды толтыру.

1. Егістіктердің апробациясының актісін толтыру:

- тұқымдық бригада мен бөлімшелердің тұқымдық егістіктері үшін апробациялық актіні 2 дана етіп толтырады, оның біреуін шаруашылыққа қалтырады, ал екіншісін ААӨБ басқармасына жіберіледі;

-мамандандырылған тұқымдық шаруашылықтарда 3 дана, үшінші данасы жоғары тұрған мекемеге жіберіледі, тұқым мемлекеттік қорға сатылатын жағдайда төртінші дана толтырылып, астық қабылдау кәсіпорнына жіберіледі;

-мемлекеттік қор дайындайтын тұқымдық шаруашылықтарда – үш дана, оның біреуін шаруашылыққа қалтырады, ал екіншісін ААӨБ басқармасына жіберіледі, үшінші данасы сорттық және будандық тұқымдар дайындайтын астық қабылдау кәсіпорнына немесе зауытына жіберіледі;

- ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтарында үш дана етіп толтырылады, оның біреуі шаруашылықта қалады, екіншісі облыстық АӨК басқармалығына немесе АШМ, үшіншісі жоғары тұрған мекемеге жіберіледі.

2. Сорттық егістіктердің апробацияланатын әрбір танабы үшін жеке апробациялық акті толтырылады.

3. Тіркеуге алынған барлық сорттық және будандық егістіктерге 199 форма бойынша тіркеу актісі екі немесе үш данада толтырылады. Оның біреуі шаруашылықта қалады, екіншісі ААӨБ басқармасына жіберіледі, ал үшіншісі, егер өнім мемлекетке сорттық тауарлық астық есебінде сатылған жағдайда, астық қабылдауыш мекемеге беріледі.

4. Тұқымдық мақсатта жарамсыз деген барлық тіркемеген егістіктерге апробация актісінің орнына 200 форма бойынша 2 дана жарамсыздық актісі толтырылады. Біреуін шаруашылықта қалтырады, екіншісін аудандық АӨК жіберіледі. ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, мамандандырылған тұқымдық шаруашылықтарында үшінші дана акті толтырылады, оны жоғары тұрған мекемеге жіберіледі.

Тұқымдық шаруашылықтарда егер егістіктер жарамсыз деп саналса агроном-апробатор шаруашылықтың өкілімен бірлесіп бұл танаптарды басқа сорттық тазалығы және репродукциясы сәйкес жақсы, өнімді танаптармен айырбастайды.

5. Құжаттардың барлық бағаны толтырылған болуы керек, жауап қажет болмаған жағдайда сызылған болуы қажет. Апробация кезіндегі егіс категориясы және репродукциясы жазбаша жазылады. Егістіктің репродукциясы шаруашылықтың себілген тұқымдарға берген құжаттарының негізінде анықталады.

4- кесте.Апробатор мен инспектордың немесе аға апробатордың мәліметтерінің шектік қайшылыққтары (%)




Дақылдар

Элиталық

егістіктер



1 категория

2 және 3

категория



Күздік және жаздық дәнділер мен астық-бұршақтылар

01

03

06

Майлылар

01

0,5

1,0

Жүгері

02

0,4

0,8

6.Элиталық тұқымдар себілген алаңдағы өнім 1 репродукция, 1 репродукция тұқымдары себілген алаңдағы – 2 репродукция және т.с с. Егістік репродукциялары 5-ке дейін есептеледі, ал сорттық егістіктерде 3-ке дейін. Келесі репродукциялар егістігі жалпы болып саналады, жүгері – жалпы репродукциялар.


Дәріс20 .Ауылшаруашылық дақылдарының апробациялық бауларын талдау

1 Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

2 Сорттық егістіктердің тұқымға жарамайтындығын білдіретін белгілер
1. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

а) Күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, тритикале.

Бидайдың, арпаның, сұлының және тарының сорттық тазалығын, қамырланып пісудің алдында жиналған апробациялық баудан анықтайды.

Апробацияланатын бау толығымен талданады, сабақтарды келесі фракцияларға бөлінеді:

- апробацияланатын осы дақылдың сорттары;

- басқа түрлердің сабақтары, апробацияланған дақылдың сорттары мен түршелері (сорттық қоспа);

- әртүрлі қара күйемен зақымданған осы дақылдың сабақтары;

- қиын бөлінетін мәдени өсімдіктер;

- қиын бөлінетін арамшөптер;

- қатерлі арамшөптер;

- карантиндік арамшөптер;

- негізгі дақылдардың жетілмеген сабақтары.

Негізгі дақылдардың жетілмеген сабақтары – (сабақтар, жеміс бермейтін масақтар немесе солғын, қалыпты жетілмеген дәндер). Масақ бермейтін сабақтар сараптауда есепке алынбайды.

Бауды талдағаннан кейін және барлық топтарды сараптағасын, әрқайсындағы сабақтардың санын есептейді.

Мысалы: жаздық жұмсақ бидайдың Қазақстандық ерте пісетін сортының апробациялық бауын сараптаудың нәтижесі мынандай:

а) негізгі сорттың жақсы дамыған сабағының саны – 1570, (430 жетілмеген);

б) басқа сорттың және түршелердің сабағының саны – 5 (1-2-2);

в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны – 4; (оның ішінде тозаңды қаракүйемен – 2, қатты қаракүйемен – 2);

г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы – 4; оның ішінде арпа -4;

д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы -3;

е) жетілмеген бидай сабағы – 20.

Осыдан барып сорттың тазалығы шығады, негізгі сорт сабақтарының санының, апробацияланатын дақылдардың барлық сабақтарының санына қатынасымен анықталады. 1570*100:1570+5=99,7%.

Бір шаруашылықтың бірнеше танабынан алынған бауларды (үлгілерді) сараптағанда, егістіктердің сорттық және басқа да сапалары бірдей болса (бір категориямен түршелері бірдей), апробаторға оларға бір апробациялық акті толтыруға рұқсат, сорттық тазалықпен егістіктердің басқа да сапаларының орташа есептелген проценттерін есепке алып. Әр баудың (үлгінің) сараптау деректерін апробациялық актінің сәйкес пункітінде жеке көрсету керек.

Мысал. Апробация үш танапта жүргізілді, көлемдері 100; 50 және 250 га, сорттық тазалықтары 97%; 96% және 95% сәйкестікпен болғанда.

Сорттық тазалықтың орташа есептеген проценті, әр танаптың сорттық тазалығының оның көлеміне қатынасымен анықталады: (97 * 100) + (96 * 50) + (95 * 250) : (100+50+250) = 95,6% - үш танаптың, сорттық

тазалығының орташа есептеген проценті. Осылай басқа егістіктердің сапаларының көсеткіштері анықталанады.

Cорттық ластану проценттік есепте, басқа сорттар мен түршелердің сабақтарының санының, негізгі дақылдың барлық жетілген сабақтарының санына қатынасымен анықталады (қаракүйемен жарақаттанған сабақтарды қосып есептегенде (5 х 100):(1570 +5) = 0,3%

Қаракүйемен жарақаттануды, қаракүйенің әр түрін жекелей, процентпен, негізгі дақылдың барлық жетілген сабақтарының санына қатынасымен анықтайды (қаракүйемен жарақаттанған сабақтарды қосып есептегенде) - тозаңды қаракүйемен: : ( 2х100) : (1570+5+2) = 0,13 % ; қиын бөлінетін арамшөптермен ластануы (3 х 100):(1570+5+3) = 0,2%; дақылдармен – (4х100) : (1571+5+4) = 0,25%.

Бауды сараптаудан алынған деректер, апробация актісінің «талдау қорытындысы» деген бағанаға жазылады, және карантиндік арамшөптер болса сынау актісінде олардың саны мен аттары көрсетіледі.

Қиын бөлінетін басқа дақылдарға жататындар: жаздық бидайда – арпа; арпада бидай, сұлы; сұлыда – арпа; күздік бидайда – қара бидай. Қиын бөлінетін арамшөпке жататындар: түлкі құйрықты ақ мия, сібір бастышөбі, көккөзшөп, тышқаншөп, татар қарақұмығы – бидайда; қарасұлы және қылшықты сұлы – арпа мен сұлыда; жабайы шомыр – арпада; итқонақ гумай, ірі тұқымды күріш тарысы, көккөз шөп, көгілдір укекіре, тауықтық тары – тарыда; Астықпен ережүретін сорттық куәлікте, міндетті түрде егістіктерде карантиндік, қатерлі және улы арамшөптердің бары -жоғын көрсетеді.



2 Сорттық егістіктердің тұқымға жарамайтындығын білдіретін белгілер

а) қиын бөлінетінмәдени дақылдармен ластануы – 5%-тен жоғары (жарамсыздық актісі);

б) қиын бөлінетін арамшөптермен ластануы – 5%-дан жоғары (жарамсыздық актісі);

в)бидай менарпаның тозаңды қаракүйемен жарақаттануы (сабақтарда) -0,1%-тен жоғары, қатты қаракүйемен жарақаттануы -0,06%-дан жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қаракүйемен жарақаттануы – 5%-дан жоғары және тары егістігінің тозаңды қаракүйемен жарақаттануы – 5%-дан жоғары болса (қосымша 4). Егер бидайдың, арпаның, сұлының және тарының тозаңды қаракүйемен (сабақтарда) -0,1%-дан, немесе бидайдың, арпаның және сұлының қатты қаракүйемен 0,05%-дан жоғары жарақаттанған болса, элита егістігі, элита болып есептелмейді.

Ауылшаруашылық дақылдарыны егістігін тұқымдық мақсатта пайдалану үшін, жарамдылық қағидасының жаңа бағалаулық алғышарттары:

- егер бидай мен арпаның егістігінде тозаңды қаракүйе 0,5%-дан, элитадан басқаларында жоғары болса, жарамсызданады;

- егер егістікте кез келген қаракүйе болса, бидай мен арпаның элитасы есепке алынбайды, ҚР АШМ рұқсатымен элита егістікке пайдаланады, егерде тозаңды қаракүйе- 0,1%, қатты қаракүйе - 0,06% болғанда.

Шаруашылықтың ауруларға шалдыққан алқаптарын жеке орып және астығын бөлек сақтауды, апробатор ескертуі керек.

Жергілікті сорттармен себілген егістіктерді апробациялағанда, сорттың жергілікті атын жазу керек. Тұрақты жоғары өнім беретін, және белгілі бір атпен осы ауданда үздіксіз 7 жылдан артық себілген сорт, жергілікті сорт деп аталады. Мұндай егістіктерде жергілікті сортты айқындайтың анықтамалар берілуі қажет. Қатты бидайдың тұқымдық егістіктері, жұмсақ бидай егістігінен 150 метрден кем емес қашықтықта орналасқаны дұрыс.
Дәріс21 . Күздік қара бидай және қарақұмық апробациясы
Күздік қара бидай мен қарақұмық егістіктерін апробациялағанда сорттың аты себілген тұқымдардың құжаттарымен белгілі болады. Күздік қара бидайдың бауын сүттеніп пісуден бұрын, ал қарақұмық өсімдіктерінен бауды тұқымдарының жартысы бурылданбай алмайды. Апробацияланған баудан тек егістіктердің аурулармен жарақаттануын, қиын бөлінетін өсімдіктермен, карантиндік және қауіпті арамшөптермен ластануын анықтайды. Алынған бауды түгелдей талдап, сабақтарды келесідей топтайды:

- негізгі дақыл;

- күздік қара бидай, күйемен жарақаттанған;

- күздік қара бидай, сабақтық қаракүйемен жарақаттанған;

- қиын бөлінетін мәдени дақылдар;

- қиын бөлінетін арамшөптер;

- карантиндік;

- қауіптілік;

- негізгі дақылдардың жетілмеген сабақтары.

Егістіктердің аурулармен жарақаттануын (әр түрлерін бөлектеп) және қиын бөлінетін мәдени өсімдіктермен және арамшөптермен ластануын, масақты дақылдар үшін көрсетілген тәртіпте, пайызбен есептейді. Күздік қара бидай егістігінде қиын бөлінетін мәдени өсімдіктерге жататындар бидай мен арпа, қарақұмық егістігінде – бидай, арпа. Қиын бөлінетін арамшөптерге жататындар:

- күздік қара бидай егістігінде

- қара арпабас, толық жемісті софора;

- қарақұмық егістігінде – татар қарақұмығы.

Тұқымдық мақсатта пайдалануға болмайды, егер күздік қара бидай егістігінің бидай және арпамен ластануы 5%-дан жоғары, қара арпабас, толық жемісті софорамен ластануы 3%-дан жоғары, қатты сабақтық қаракүйемен жарақаттануы 5%-дан жоғары болса.

Күздік қара бидай егістіктері күйемен жарақаттану нышаны бойынша, сорттық егістік есебінен алынып тасталмайды, бірақ апробация актісінде жарақаттанудың барлығы көрсетіледі.

Қарақұмық егістігін тұқымдық мақсатқа жарамсыз деп саналады, егер олардың бидай және арпамен ластануы 5%-дан жоғары, татар қарақұмығымен 3%-дан жоғары болса.

Қарақұмықтың әртүрлі сорттарының егістігінде, жалпақтығы 10 метр орман жолағы немесе басқадай табиғилық бөгеуіл болса, аралық оқшаулау керек емес.

Күздік қара бидайдың элиталық егістіктері тұқымдық мақсатқа жарамайтын болады, егер апробациялық деректер бойынша егістіктерде тозаң, қатты және сабақтық қаракүйелер болса.

Апробацияланатын сорттық егістік тұқымдық мақсатқа жарамды деп саналады, егер:


  • арақашықтық бөлектеу сақталса;

  • тұқымдардардың басқа сорттармен механикалық араласуы болмаса;

  • егістіктердің қаракүйелермен жарақаттануы, қиын бөлінетін мәдени өсімдіктер, арамшөптермен ластануы қойылған шарттан аспаса.

Құжаттарда аталған сорттың егістері өте жарасыз деп көрсетілген болса, апробатор сорттың жағдайын әбден шешу үшін аға апробаторға хабарлайды.

Құжаттар бойынша күздік қара бидайдың және қарақұмықтың сорттық тазалығының категориясын, репродукцияның жылдық есебімен анықтайды, сол бойынша селекциялық-тәжірибелік мекемеде, элита тұқымы ұрпағының шығуын табады.


Дәріс22 . Бір жылдық отамалы(пропашные) дақылдар апробациясының техникасы.

1. Картоп (ақтүйнек).

Далалық апробацияға, тұқым үшін отырғызылған картоптың барлық тұқымдық егістіктері жатады.

Картоптың сорттық егістіктерін, далалық апробациялауды олардың гүлдену кезеңінде жүргізеді.

Апробациядан екі жұма бұрын, апробатор төмендегідей дайындық жұмыстарын атқарады;



  • тіркеуге және апробацияға жататын, сорттық егістіктерді белгілейді;

  • отырғызылған тұқымдық материалдың сапасын анықтайтын құжаттарды тексереді (элиталық картопқа аттестат, сортық картопқа куәлік немесе егістікті апробациялау актісі);

-тұқымдық танапты отырғызу және картоптың сорттық егістігін тазарту актісімен (210 ф) танысады;

  • тазарту қанағаттанарлық болмаса, қосымша тазартуды ұйымдастырады. Егер отауға 20%-дан артық өсімдік жатпаса, тазартуды жүргізу қажет. Егер сорт бағалы болып, тазарту керек болмаса, апробатор негізгі сортты жалпылай-түптік сұрыптауды (сау түптерді белгілеп және ерте жинауды) ұйымдастырады;

  • шаруашылықта картоптың сорттық егістіктерін де қандай агротехникалық шаралардың жүргізгендігін анықтайды (отырғызу мезгілін, тұқымдық материалды дайындау әдістерін, топырақты өңдеудің түрлері мен мерзімін, тыңайтқыштардың түрлері мен мөлшерлерін, суаруды т.б.);

  • егістіктерді далалық байқау және сорттық құжаттарды тексеруден кейін барлық апробацияланбаған сорттық егістіктерге, тіркеу актісін толтырып оларды тіркеуге алады (199 ф). Егістіктерді апробациялау танапты көлденең жүріп өтіп сынаулық әдісімен жүргізіледі.

Сынаулық деп картоптың әр қатарынан алынған 20 өсімдікті атайды. Апробациялық нұсқа – сынаулық өсімдіктердің (картоп түптері) тексеруден өткендері.

Апробацияланатын танаптардың көлеміне байланысты, апробатор алынатын өсімдіктер мен сынаулықтардың сандарын және арақашықтықтарын анықтайды.

5 – кесте. Танаптан алынатын өсімдіктер мен сынаулықтардың саны



Көлемі,

га


Сынаулық

саны


Сынаулықтағы

түп саны


Барлық

сынаулықтар



1

5

15

20

300

2

10

20

20

400

3

15

25

20

500

15 гектардан артық танаптан, 15 гектардан үстемелеп, әр 5 гектардан қосымша екі сынаулық алынады.

Мысалы: 20 га танаптан 27 сынаулық (25+2) 20 түптен, барлығы 540 түп.

Танаптан байқайтын сынаулықтар саны, барлық жер көлемінен түгелдей алынуға тиісті. Ол үшін танаптың енін немесе қатарлар санын сынаулықтар санына бөлу керек. Шыққан сан сонда танаптың еніне сәйкес, сынаулықтардың метрмен алынған арақашықтығын немесе қатарын береді. Танаптың ұзындығы бойынша, оны сынаулықтар санына бөліп, сынаулықтардың арақашықтығын табамыз.

Мысалы: 15га апробацияланатын танаптан 25 сынаулықтар көріуіміз керек. Танаптың көлемі: ұзындығы 500 м, ені 300 м. Сонда танаптың ені бойынша әр 12 м (300:25), яғни әр 17-ші қатардан, және ұзындығы бойынша әр 20 м (500:25).

Апробатор танаппен көлденеңдікпен, сатылап жүреді. Апробацияланған сортқа сенімсіздік болса, таңдамай тіптерді қазып көру керек. Пәлектің сырт пішініне қарап вирустық аурулармен залалдануын анықтайтды, пәлек пен түйнекке қарап ( оны апробатор түйнекті кесіп көреді) – қара сирақ және сақина шірігін біледі.

Өсімдіктердің ауруларын олардың қай сортынан (негізгі немесе қаспалы) болсын есепке алады.

Фитофтороз ауруына шалдығыуын көзбен көріп анықтайды: аз – жеке түптерде, жапырақтарда аздап таңбалар кездеседі; орташа – барлық түптердің жапырақтарында жарақаттану бар, бірақ түптер жап жасыл; күшті – барлық түптер фитофтороз бен жартылай шалдыққан.

Фитофторозбен шалдығу егістің категориясын анықтамайды.

Колорадо қоңызы айқындалса (түптерде жұмыртқа қаласа, личинкалар, қуыршақтар, қоңыздар түптерде, топырақта) болса, апробатор жедел түрде ол туралы карантиндік инспекцияға хабарлап, қоңыздардың табылған жеріне белгі қояды.

Егістіктерде өсімдіктердің ауруға төзімсіз сорттары кездессе, оларды ауруға төзімді сортық егістіктерден әкету қажет. Бақылау жүргізгенде, өсімдіктердің ауруға шалдығуын және сорттылығын көзбен көріп, бірақ анықтайды:

- отырғызу жиілігін (сынаулықтарды бақылауда ол туралы блокнотқа жазып қою)

- өсімдіктердің өсуіне байланысты егістіктердің деңгейлестігін ( деңгейлестік жақсы деп саналады, егер барлық өсімдіктердің пәлектері қалыпты өссе; орташа - жақсы дамыған түптермен бірге, 25% нашар өскендер болса; жаман – егістіктердің деңгейлестігі өте төмен болса);

- түйнектердің өнімділігін (ол үшін танаптың әр жерінен таңдамай орташа өскен түптерді қазып көру керек);

- апробатор сонымен бірге егістіктің өңдеу сапасын анықтайды. Далалық блокнотта толтырылған жазулар бойынша, апробацияланатын танаптың ауру түптері мен қоспаларын тауып.

Мысалы: апробацияланған танап 15 га, барлық байқалғаны 500 түп, оның ішінде қызыл түсті түйнектер қоспасы 5 түп, яғни 1 %, ақ түсті қоспалар 4 түп, немесе 0,8%.

Барлық қоспалар 1,8%, сонда егістіктің сорттық тазалығы 98,2% (100-1,8).

Ауру өсімдіктер саны: қара сыйрақпен екі түп, яғни 0,4%, азғындау ауруымен 12 түп, немесе 2,4%. Барлық ауру өсімдіктер 2,8%.

Сорттық тазалық және ауру өсімдіктер саны (%) туралы деректер апробация актісінде ( 17ф) көрсетіледі, осыдан кейін сорттық тұқымдық картоптың стандарт нормасына сәйкес, егістіктердің қандай категорияға жататындығы анықталады.

Картоптың сорттық егістіктері талаптарға сәйкес болуы керек МСТ 7001-66. Жоғарыда, мысалда көрсетілген егістіктер, ауру өсімдіктердің пайызы бойынша 3-ші категорияға жатады. Колхоздар мен совхоздардың картоп егістігінің апробация актісі әр танаптар үшін бөлек, екі дана толтырылады: біріншісі шаруашылықта, екіншісі аудандық АӨК-не жіберіледі. Апробация актісімен бірге, жазып толтырылған далалық блокнот болады.

Картоптың сорттық егістігінің тазарту актісі бір данада толтырылып шаруашылықта сақталады.

Сорттық егістігін тіркеу актісі екі дана толтырылады: біріншісі шаруашылықта, екіншісі аудандық АӨК-не жіберіледі. Картоптың түйнектік сараптау актісі, апробация актісінің деректері бойынша, сорттық картопты тұқым үшін босатқанда немесе жөнелткенде, сорттық картоптың әр тобына, картоптың сорттық куәлігі толтырылады.
Дәріс 23. Бір жылдық дәнді бұршақты дақылдардың апробациясының техникасы.

1. Ас бұршақты , жасымықты, ноғатықты

2. Үрме бұршақ, ноқат

Апробатор өсімдіктерді гүлдену кезеңінде және пісіп- жетілу алдында өсімдіктерді өсіп тұрғанда байқап шықпай тұрып, егістіктің сол сорттқа сәйкестігін, шаруашылықтағы құжаттардың деректері бойынша анықтап алады.

Дәнді бұршақты дақылдар егістігінің сорттық тазалығын, қоспалардың барын, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулармен залалдануын және зиянкестестермен жарақаттануын, өсімдіктердің негізгі алаптарының төменгі бұршақтарының пісуі кезеңінде алынған баулардан анықтайды:

- ас бұршақты (2,3- кесте), жасымықты, ноғатықты – 200 га танаптан жиналған апробациялық баудан, жасымық пен ноғатықты 100 га көп емес егістіктен, көлденең жүріп 50 нүктеден 5-6 өсімдіктерді таңдамай алып, барлығы 250 -ден кем ем- ес жетілген өсімдіктерден.

- үрме бұршақ, ноқат - өсімдіктерді тік тұрғанда байқаумен ( сондай көлденеңдікпен жүріп 250 өсімдіктер – 5-6 өсімдіктен 50 нүктеден және әр өсімдіктен 2 бұршақбас: біреуі сараптауға, екіншісі бақылау үшін). Байқаудың нәтижесін журналға жазып отырады.

- ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және АШ оқу орындарының тәжірбиелік шаруашылықтарында тұқымдық танаптардың екі көлденеңдігімен өтіп 2 бау жинайды. Апробациялық баулар жиналған күні сарапталуға тиісті.

Ас бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, ноғатық, малазықтық бұршақ, ноқаттардың баулары мен үлгілерін жалпылай морфологиялық белгілері бойынша сұрыптап сорттық тазалықтарын анықтайды:

- ортаңғы қабаттағы бұршақбастың көлемі және түрінің бояуына байланысты (ірі, орташа, ұсақ);

- сыртының сипатына, қалпы, тұқымның бояуы, тұқымкіндігі - сабақтың сипатын ( фасциирленген, жай);

- бұршақбастың тегін ( аршулы, қанттылы);

- сабақтарда бұршақбастың орналасуын; сабақтардың ұзындығын (ұзын, орташа, аласа);

- бірінші төменгі бұршақбастың буынаралығын ( ұзын, қысқа);

- бірінші төменгі бұршақбасқа дейінгі түйіндердің санын;

- жапырақтардың тегін ( кәдімгі, жапырақшалық, акация түрлі, қосқаламұшты емес);

- гүлде антоциандық бояудың барын, жапырақшаның табанында және сабақтың төменгі бөлігінде;

- тұқымның шашылмауын ( тұқым сағақтың тұқымның қабығымен бірге өсуі);



үрме бұршақта – түптің қалпын (шөптесін, бұтақты және т.б.); жапырақтың нысанын (өткіршетті, дөңгелек т.б.); бұршақбастың тегі ( көкөністік, аршулы т. б.); бұршақбастың қалпы ( тік, майысқан т.б.); бұршақбастың бояуы (жерлік, сабандысары, боялған жолақтармен т.б.).

ноғатықта – тұқымдардың қалпын (жалпақ-сыналы, сыналы, дөңгелек-бұрышты); тұқымдардың көлемі ( ірі, орташа).

малазықтық бұршақта – гүлшоғындағы бұршақбастың саны, бұршақбастың бетінің жармасы (жылтыр, әжімді), өсімдіктің биіктігін ( тапалтақ, орташа, бойшаң) және төменгі қабатта бұршақбастың беку биіктігін.

ноқатта – түптің қалпын ( жинақы немесе шашымалы) сабақ пен бұршақбаста антоциандық бояудың барын.

Апробациялық бауларды сараптаудан немесе өсімдіктерді тік тұрғанда байқаудан келесі топтарды анықтайды:

- негізгі сортты;

- сорттық қоспаны;

- басқа мәдени өсімдіктерді, соның ішінде дәндібұршақтықтарды;

- негізгі дақылдардың өсімдіктері, ауруларға шалдыққандарды;

- қиынбөлінетін өсімдіктердің сабақтарын.

Негізгі сорт өсімдіктерінің санынының, апробацияланған дақылдардың барлық сарапталған өсімдіктер санына қатынасынан, бауды алуға немесе апробацияны өсімдіктерді өсіп тұрғанда байқап жүргізілуіне қарамай, сорттың тазалық пайызын анықтаймыз. Өсімдіктердің сорттық тазалығын анықтағанда, сабақтардың аурулармен залалдануы және зиянкестестермен жарақаттануы есепке алынады.

Егістік асбұршақтың сорттық тазалығын анықтағанда далалық ас бұршақтың (пелюшка) қоспасын сорттық топқа алады және одан басқа, пелюшкамен ластану пайызын жеке есептейді.

Дәнді бұршақты дақылдарды апробациялағанда аурулардың ішінде есепке алынатындары: ноқаттағы оскохитоз, ас бұршақта және бұршақбастарда; антракноз, бактериоз және шоколадтық таңбалар бұршақбастарда.

Зиянкестерден есептелетіндер, ас бұршақтық биттер, ас бұршақтық жемісжегілер және үрме бұршақтық дәнектер.

Апробациялық бауларды сараптаудан немесе өсімдіктерді өсіп тұрғанда байқаудан апробатор топырақтың залалдануын, 100 бұршақбас тұқымдарын үстінгі, ортаңғы және төменгі қабаттарын қарап ас бұршақтық және үрме бұршақтық дәнекерлермен залалдануын анықтайды да апробация актісінде олар туралы жазады.

6 – кесте. Категория бойынша ас бұршақтың сорттық тазалық нормасы.

Категория

Сорттық тазалық

%, кем емес



Ас бұршақтың азық-түліктік сорттар

егістігінде пелюшканың қоспасы %, артық емес



I

99,5

5-0,5

II

98,0

1,0

III

95,0

1,0

7 – кесте. Ас бұршақ тұқымдарының егістік сапасының нормасы.



Көрсеткіштердің аттары

Класстар үшін норма

1

2

Тазалық, % кем емес

99,0

97,0

Басқа өсімдіктер тұқымдардарының мөлшері, 1 кг, дана

5

30

Соның ішінде арамшөптердің тұқымдардары, 1 кг, дана

болмайды

5

Өнгіштілік, %, кем емес

95

90

Ылғалдылық, %, артық емес а) Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан б) Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан

14,0
16,0


14,0
17,0



Пелюшканың қоспасы, %, артық емес

болмайды

1,00

Дәнді бұршақ дақылдарының аурулар және зиянкестермен залалданған егістіктерін тұқымға жарамайтын деп есептейді, бірақ олар туралы тұқыммен бірге болатын апробация актісінде және сорттық куәліктерде көрсетіледі.

8 – кесте. Міндетіне байланысты ас бұршақ тұқымына қойылатын талаптар.

Тұқымның міндеті

Репродукция

Категория

Класс

Кем емес

ҒЗИ, оригинаторлармен және

элита тұқымдық шаруашылықтарында

себілетін және көбейту үшін

сатылатын тұқымдар



Суперэлита,элитаны

Көбейтетін питомниктерI



Сорттық

тазалық 99,7 I



1

2


Тұқымдық шаруашылықтарында

себілетін және көбейту үшін

сатылатын тұқымдар

I-II


III-IV

I

II


2

2



Шаруашылықтарда тауарлық

астықтарды өндіруге себілетін

тұқымдардар


II және келесі

репродукциялар


III

2

Қиын бөлінетін өсімдіктер: асбұршақта – пелюшка, сиыр жоңышқа. Апробацияда сорттық егістік жарамсызданады, егер ас бұршақтың – пелюшка және сиыр жоңышқамен ластануы 3%-дан артық болса. Ас бұршақ егістігінде пелюшка мен сиыр жонышқасының қоспасы қиын бөлінетін боп есептелмейді, егер ол тұқымдардары малазықтық егістікке пайдаланса. Мұндай жағдайда апробация актісі толтырылады, және онда пелюшкамен сиырбұршақтың көлемін пайызбен көрсетіп жазады, сондықтан көрсетілген егістіктің тұқымдық өнімін бөлек жинап, малазықтық мақсат үшін бөлек сақтайды.

Пелюшка мен сиыр жонышқасының қоспасы болған ас бұршақ егістігі, элиталық егістік болып есептелмейді.
Дәріс24 . Біржылдық және көпжылдық малазықтық дақылдар апробациясының техникасы.
1. Көпжылдық және біржылдық шөптердің тұқымдық апробация.

Апробацияға барлық біржылдық және көпжылдық малазықтық шөптердің сорттық егістіктері, тұқымға пайдалануға арналған, селекциялық және жергілікті сорттар жатады.

Тұқымға көп жыл пайдаланылған және шабылған танаптарды жеке апробациялайды және әр танаптар үшін апробация актісі толтырылады.

Апробация үшін егістіктердің құжаттары тексеріледі.

Апробаторлар танаптарды көлденеңдігімен өтіп, анықтайды:

- күн бұрын шалғынның тобы мен сортын, тегін, түршелігін, белгілікті түрін анықтайды;

- тұқымдық егістіктердің дұрыс отырғызылғандығын, олардың жағдайларын тексеріп, керек болған жағдайларда тұқым алу үшін, қосымша танаптарды белгілейді;

- әр дақыл аумағының көлемін, түрін және сортын, қиынбөлінетін мәдени өсімдіктердің басқа түрлерін, карантиндік қиын бөлінетіндерді, қатерлі және улы арамшөптерді, ауаулармен залалдануды, зиянкестермен жарақаттануды анықтайды;

- оруды, отауды жүргізге кеңес береді, зиянкестермен күресуді, тамырдан тыс коректендіруді, сорттық тазалауды, гүлдену кезеңінде тұқымдық дақылдарды омарталарды апарып, араның көмегімен (немесе қосымша астық тұқымдастарды жасандылық) тозаңдандыруды күшейтуді.

Апробацияланатын тұқымдық шалғындар басқа түрлер немесе сорттармен қатар орналасқан ( тұқымдары нақтылы топтың, түрдің тұқымдарынан қиынбөлінетін) болған барлық жағдайларда, сондай-ақ сорттар үшін аралық оқшаулықты сақтамағанда – айқас тозаңданатындармен, сорттаралық тозаңдануды болдырмау үшін, апробатор танаптарды орғанда жинағанда және тұқымдардарды сақтағанда биологиялық немесе механикалық араласпауды, апробациялық актіде көрсетеді.

Шалғындардың әр танабын күнбұрын байқаудың нәтижесінде, сонымен қатар құжаттардың деректеріне сүйеніп апробациялық актінің бірінші бөлімін толтыру қажет.

Апробациялық бауды біржылдық және көпжылдық малазықтық астық тұқымдас шөптерден алады.

Жоңышқа мен эспарцет, ақ және сары түйе жоңышқа апробациялық бау алмай апробацияланады.

Апробацияның нәтижесінде сол танаптыңтұқымдық шалғыны селекциялық сорттқа, жергілікті немесе сорттық емес егістікке айқындаланады.

Селекциялық сорттар егістігін апробациялағанда, себілген тұқымдардардың сорттық құжаттары болуы керек.

Егістіктің жергілікті сорт екендігін айқындайтын дәлелдер:

- егерде тұқымның құжаттарды болса, жергілікті сорт деп танылып және аталған аты болған жағдайларда;

- егер себілген сорттың құжаттары болмаса, бірақ сұраулық мағлұмат деректері бойынша осы сорт, осы шаруашылықта тұқымдарын айырбастамай, көпжылдық шөп есебінде 12 жылдан артық уақыт, 7 жыл біржылдық шөп есебінде себіліп, сонымен қатар жақсы тұқымдық және көк балауса өнімдерімен көзге түсіп, жағымсыз жағдайларға төзімділігі ескеріледі. Мұндай жағдайда егістік жергілікті сорттық болып есептеледі, сонымен қатар апробация актісімен бірге жергілікті сортты айқындау туралы 201 форма бойынша, үш дана анықтама толтырылады.

Себілген сорттық тұқымдардың құжаттары болмаса немесе шалғын апробациялық сипаттамаға сәйкес, жергілікті сорт екендігі анықталмаса, мұндай апробацияланған танап сорттық егістік есебіне кірмейді.

Шалғынды тексеру процессінде анықтайды, сосын апробациялық актіде шалғынның жалпы жағдайын, олардың аурулармен залалдану деңгейін, зиянкестермен жарақаттануын, карантиндік және қиын бөлінетін арамшөптермен ластану деңгейлерін көрсетеді.

Апробатор тұқымдық егістіктерді апробациялағанда, танаптарды көлденеңдігімен жүріп өтіп, шалғынды тиянақты байқайды және олардың біртектілігі мен карантиндік және өте қауіпті арамшөптерді, стандарт бойынша көпжылдық пен бір жылдық шөптердің егістік сапасына зиян келтіретін өсімдік тұқымдарын: сарықалуен қылтанды, ала шұбар вязель, ірітүсті шытырмақ, ал судан шөбі үшін құмайжүгері сияқты арамшөптердің болмауын қадағалайды.
9 – кесте. Көпжылдық және біржылдық шөптердің тұқымдық егістіктерін апробациялауда салынатын актілер саны және оларды тарату орындары




Апробация

жүргізілетін

мекемелер

Дана


саны

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші


1

ҒЗИ ТӨШ

ЖОО ОШ


Мамандырылған

тұқымдық шаруа.



4

Шаруашы-

лықта


ОАӨК

Сорттық

тұқымдық


бірлестікке

АҚП

2

Тұқымдық емес

шаруашылық


3


Шаруашы-

лықта

РАӨК


Тұқым

дайындай-

тын мекем.

-

Шаруашылықта өнімдерді және тұқымның сапасына керекті сақтаулық шараларды (арамшөптерді жою, түрлік отауды, тұқымдық танаптарды жинаудың мезгілімен әдістерін, үйіп қою және тұқымдық құжаттарды) апробатор ескертуге міндетті.

Аурулар және зиянкестермензалалдану деңгейін шкала бойынша анықтайды:«күшті», «орташа», «жоқ»,сонымен қатар мол тараған аурулардың түрлерін және зиянкестердің аттарын көрсетеді.



Дәріс 25 Жоңышқа және эспарцет апробациясы.

1. Жоңышқа түршелерінің айырмашылық белгілері.

2. Эспарцет түрлерінің айырмашылық белгілері.

3. Ақ және сары түйежоңышқа

10-кесте. Жоңышқа түршелерінің айырмашылық белгілері.



Топтар

Гүл шоғырының бояуы

1

Көк, немесе егістік

Күлте теп-тегіс көгілдір түсті бояулы,басқа бояудың қоспасы жоқ

2

Көкбуданды

Гүл шоғыры мен күлте әр түрлі реңді көгілдір түстібояулы (көгілдірден көкке дейін), кейбір сорттардажекеленген гүл шоғырлары мен күлтелер басқа түрлі бояуда (жасыл-сары) болуы мүмкін

3

Алашұбар буданды

Гүл шоғырының көп бөлігі алашұбар, күлтенің бояуы тез өзгеріп тұрады (жасыл-сарыдан көгілдірге және қоңырға; кейбір өсімдіктердің күлтелері жасыл-сары, көгілдір түсті бояулы болады.

4

Сарыбуданды

Гүл шоғыры мен күлтелер әр ренді сары түсті, немесе түрлері тез өзгеріп тұратындар

5

Сары

Гүл шоғыры мен күлтелердің түстері теп-тегіс сары, басқа бояулардың қоспалары жоқ.

Жоңышқаның тұқымдықтарын апробациялағанда оларды төмендегідей топтардың біреулеріне жатқызады.

Эспарцет шалғынын апробациялағанда, төменгі түрлердің біреуіне жатқызады. Эспарцеттің көп аудандастырылған сорттары түраралық будандастырудан шыққан. Сондықтан, олардың аралас формаларын апробациялағанда, дәлелденген негізгі сорттарға жатқызады және апробациялауда, сорттық сипаттау нышандарын нұсқау ретінде пайдаланады.

Эспарцеттің түрін апробатор өсімдіктерді байқау арқылы анықтағанда, басқа түрлерінің қоспаларын тапса, онда оларды қиын бөлінетін өсімдіктерге жатқызады.

Егер шалғын жалпылай эспарцет түрлерінің қоспаларынан құралса онда актіде «түрлердің қоспалары» деп көрсетіледі.

11-кесте. Эспарцет түрлерінің айырмашылық белгілері

Белгілер

Эспарцет

кәдімгі егістік



Эспарцет

закавказдық



Эспарцет

құмдық


Гүлдену алдындағы

гүлшоғының формасы



жұмыртқа тәрізді

жалпақ негізді



жіңішке,

ұршық тәрізді



Цилиндр тәріздес

Гүлшоғының

тығыздығы



тығыз, 5-8 бірмез-

дік гүлдерімен



босаң, 3-4 бірмез-

гілдік гүлдерімен



босаң, 3-4 бірмез-

гілдік гүлдерімен



Гүл тірегіне

гүлдің орналасуы



гүл тірегіне тік бұ-

рышпен орналасқан



гүл тірегіне үшкір бұ-

рышпен орналасқан



гүл тірегіне үшкір бұрышпен орналасқан

Гүлдің жалауы

ұзын, қайықшаға

қарағанда



қысқа немесе

қайықшаға тең



өте қысқа,

қайықшаға қарағанда



Бұршаққаптарының

көлемі


ірі және орташа ірі,

ұзындығы 6-8 мм



ірі және орташа ірі,

ұзындығы 6-8 мм



ұсақ, ұзындығы

4,5-5,5 мм



Бұршаққаптардың

тістері


ұзын және орташа

ұзындықта тістері бар


тістері жоқ



қысқа немесе орта-

ша ұзындықта

тістері бар


Ақ және сары түйежоңышқа

Ақ және сары түйежоңышқаны сол уақытта орылатын тұқымдық шалғындарын жалпылай гүлдену мезгілінде апробациялайды. Апробациялық бауларды алмайды.

Апробатор тұқымдық егістіктерді апробациялағанда, танаптарды көлденеңдігімен жүріп өтіп, карантиндік және қиын бөлінетін арамшөптерді анықтайды.

Аурулар және зиянкестермен залалдану деңгейін шкала бойынша анықтайды:(күшті, орташа, жоқ), сонымен қатар көп тараған аурулардың түрлерін және зиянкестердің аттарын апробация актісінде жазып көрсетеді. Ақ түйежоңышқаның шалғынында сары түйежоңышқаның қоспасы 1-2 %-дан аспауы керек, немесе керісінше. Себілген тұқымдардардың сорттық құжаттары бойынша, әр дақылдардың сорты айқындалынады.




Дәріс26. Астық тұқымдас шөптер апробациясы.

1 Еркекшөп. (житняк)

2 Қылтықсыз арпабас.

3 Судан шөбі (бір жылдық шөп).



1. Еркекшөп. (житняк)

Танапты көлденеңдігімен жүріп өтіп апробациялық бау алынады. Ол үшін жербетінен 5 см биіктіктен сабақтардың байламдарын, 50 нүктеден жинап алады.

Апробациялық бауды араластырады, сосын еркекшөптің жақсы өскен масақтарынан таңдамай 500 сабақты санап алады.

Өте жас масақтарды ( шабан өскен) алып тастайды.

Масақтарды санап алғасын, оларды сараптап еркекшөпті екі түрге бөледі: кең масақты және жіңішке масақты.

Кең масақты еркекшөптің масағы тарақ тәрізді немесе ұзынша – жұмыртқа тәрізді, бірақ масақшалар арасында анық көрінген саңылаулар бар, ұзындығы 3-5 см, ені 1-2 см, масақтың тығыздығы 4-7 масақша 1 см масақта, қылтанақтардың ұзындығы 2-3 см. Гүлдену кезеңінде масақтар көкшіл сұр түсті болады.

Кең масақты еркекшөптің ластандыратын түрлері: қылтанақты жіңішке масақты еркекшөп және қылтанақсыз жіңішке масақты еркекшөп. Аралық еркекшөп ластандыратын деп есептелмейді.

Жіңішке масақты еркекшөптің масағы қысқа сызықты тарақ тәрізді емес, целиндр пішінді, гүлдері жайыла орналасқан, масақшалары бір-біріне ілесіп келген.

Масақтың ұзындығы 6-15 см, ені 0,5-1,2 см, тығыздығы 3-4 масақша 1 см масақта, қылтанақтары ұсақ – 1-2 мм немесе қылтанақсыз, масақтар жасыл түсті болады.Жіңішке масақты (қылтанақты) еркекшөптің ластандыратын түрлері:кеңмасақты еркекшө Аралық еркекшөп ластандыратын деп есептелмейді.

Аралық түрлердің қоспалары сорттық тазалыққа әсер етпейді.Олардың санынпайыз есебінде апробациялық актіде және қосымшаларда көрсетеді.

Егістіктерді сорттық деп санайды, егер негізгі түрлермен аралық түрлердің жалпы есебі 85 %-дан артық болса;85 %-дан кем болса, онда қоспалар дейді.

Тұқымдық егістігікте жатаған бидайықтың қоспасы болса, мұндай тұқымдарды егістіктерде пайдалануға болмайды.



2 Қылтықсыз арпабас.

Апробациялық бауларды үш топ сабақтарға бөледі:

-апробацияланатын дақылдар;

-басқа мәдени дақылдар, соның ішінде қиын бөлінетіндер (түрлері бойынша);

-арамшөптер, соның ішінде қиын бөлінетіндер (түрлері бойынша);

Мәдени қоспалардың пайыздарын (түрлік тазалықты) олардың, мәдени өсімдіктер сабақтарының түрлеріне қатынасымен, ал ластану пайызы – арамшөптер санының, баудағы барлық сабақтар санына қатынасымен анықтаймыз.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттық тазалықтары, суперэлита және элита үшін 95 %-дан кем болмауы, келесі егістіктер репродукциясы 90 %-дан кем болмауы керек, ал егер осы көрсеткіштерден төмен болса, мұндайлар сорттық егістер қатарына жатпайды.

3 Судан шөбі (бір жылдық шөп).

Судан шөбінің тұқымдық егістіктерін апробациялағанда, құмай егістігіктерімен -судандық будандардың, арақашықтық бөлектеудің сақталуын анықтау қажет. Егер, арақашықтық бөлектеу сақталмаса, мұндай егістіктер көбейту үшін жарамайды.

Судан шөбінің егістігі гумаймен (құмай жүгері) ластануы (3 %-дан артық) болса, мұндай егістік, тұқымдыққа жарамайды. Гумаймен ластануды сабақтарына қарап анықтаймыз, тұқымдары жеңіл түсіп қалады (жемістері алдамшы), немесе тұқымның ішкі жағында болатын екі өзекшеден.

Апробацияның деректері бойынша судан шөбінің тұқымдық егістігін сұрыптау: 1 категория, сорттық тазалық 98 %-дан кем болмаса,

2 категория, сорттық тазалық 95 %-дан кем болмаса,

3 категория, сорттық тазалық 90 %-дан кем болмаса.

Апробациялануда қоспалардың жалпылай құрамында шектелмейтіндер:

1 категория үшін құмай сабақтары – судандық будандар және құмайдың басқа топтарының сабақтары 0,3 %-дан артық, 2 категория үшін 1%-дан, 3 категория үшін 2 %-дана артық болмаса, егер аталған сабақтардың саны, көрсетілген категория пайыздарынан көп болса, егістіктің категориясы төмендейді, ал егерде сабақтар саны 3 %-дан артық болса, мұндай егістік тұқымдыққа жарамайтын болады.

Судан шөбінің элиталық егістіктерінде құмайдың – судандық будандардың, құмайдың топаралық будандарының және құмайдың басқа топтарының қоспалары болмауы керек.

Малазықтық шөптер егістіктерінде келесідей карантиндік арамшөптердің болуы мүмкін.

Арамшырмауық (барлық түрлері).

Жатаған үкекіре (қызғылт). Жоңышқа, беде, судан шөбінің егістіктерін ластайды.

Шөптерді апробациялаудың стандарттық формаларын қосымшалардан көріңіздер.
Дәріс27. Майлы дақылдар апробациясының техникасы.
1 Майлы зығыр

2 Сарепт қышасы (көкшіл)

3 Жаздық рапс

Ақ қышаның, күздік және жаздық рапстың тәнділігін, немесе егістіктің сорттық тазалығын, қоспалардың болуын, аурулармен залалдануын және зиянкестермен жарақаттануын өсімдіктерді тік тұрғанда байқап анықтайды; майлы зығырды, көкшіл қышаны, арышты – апробациялық баудан анықтаймыз.

Бауды алғанда немесе өсімдіктерді өсіп тұрғанда байқап көргенде, майлы дақылдарының жеке түрлерінің апробациясының ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтарды айрықшалайды:


  • негізгі сорттың өсімдіктері, жемісі немесе тұқымдары;

  • басқа сорттың өсімдіктері, жемісі немесе тұқымдары;

  • басқа дақылдардың өсімдіктері және тұқымдары;

  • арамшөптердің қоспасы;

  • өсімдіктер, аурулармен залалданған және өсімдіктер, зиянкестермен жарақаттанған;

  • негізгі дақылдардың жетілмеген сабақтары.

Майлы дақылдардың сорттық тазалығынын, немесе тәнділігін, негізгі сорттың өсімдіктері мен тұқымшаларының санының, сарапталған өсімдіктер мен тұқымшалар санына қатынасымен анықтайды.

Өсімдіктердің қоректік аумағын анықтайды және себу әдістерін көрсетеді, сорттық тазалауды жүргізген уақытты белгілейді.

Апробатор тұқымдық егістіктердің карантиндік және қиын бөлінетін арамшөптер - мен ластануын апробациялық актіде көрсетеді және шаруашылықтан егістіктерді тез арада тазалауды немесе ұйымдастыруға міндетті.

1 Майлы зығыр Майлы зығыр өсімдіктерінің апробациялық бауларын сараптау келесідей нышандарды анықтайды:


  • қорапшалардың көлемі (ұсақ, орташа, ірі);

  • тұқымдардың көлемі (ұсақ, орташа, ірі);

  • тұқымдардың формасы (жалпақ, жіңішке, ұзынша, қысқалау);

  • тұқымдардың түрі (қоңыр, ашық-қоңыр, күрең, сары).

Өсімдіктер, негізгі сорттан қорапшаларының көлемі мен формалары және тұқымдардың түрлерімен өзгешелері, сорттық қоспаларға жатады.

Апробациялық бауды басқа сорттар мен тектерін (талшықты зығыр, аралық, кудряш), сонымен бірге егістіктердің фузариозбен залалдануын анықтау үшін талдайды.

Әр өсімдіктердің тұқымдарын қарайды және 1-3 қорапшаларды бастырады. Өсімдіктер, негізгі сорттан қорапшалардың көлемі мен формалары және тұқымдардың түрлерімен өзгешелері, басқа сорт өсімдіктеріне жатады.

Бауда қызғылт укекіре және гумай мен ластану 3 %-дан артық болса, егістік тұқымдық мақсат үшін жарамсыз деп табылады.

Майлы зығыр егістіктерін тексергенде карантиндік аурулармен залалдануды (зығырдың пасьмосы) анықтайды, егер аурулар болса, карантиндік қызметке жедел түрде хабарлайды.

Егістіктерді көлденеңдігімен жүріп өтіп байқағанда, арамшырмауықпен ластану болса (повилика), апробациялық актіде көрсетеді, және жедел түрде олардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырады. Арамшырмауықпен ластанған ошақтарды, зығыр мен бірге шауып алып, отқа жағып жібереді, ал егер егістік жалпылай ластанған болса, шауып алып техникалық мақсаттарға қолданады.

Элиталық тұқымдарды фузариозбен залалдануын және арамсоямен (арамшырмауықпен) ластануын мүлдем, болдырмау қажет.

2 Сарепт қышасы (көкшіл)

Апробациялық бау үшін жиналған өсімдіктерді, төмендегідей нышандарымен сараптайды:



  • бұршаққынның формасы және көлемі;

  • тұқымның бояуы (көкшілсұр, сары);

  • бұршаққынның сабақтарға орналасуы (жабысқан, алшақтау).

Қышаның сорттық тазалығын негізгі сорт өсімдіктер санын, жалпылай сарапталған өсімдіктер санына қатынасымен анықтайды.

Қыша егістіктерінің қиын бөлінетін мәдени өсімдіктермен ластануын (рапс, тары т.б.) және айқышгүлділер тұқымдастарының арамшөптерімен (беде қыша т.б.) ластануын, осы аталған өсімдіктер санының, баудағы барлық өсімдіктер санына қатынасымен (пайыз, %) анықтаймыз.



Қиын бөлінетін мәдени өсімдіктермен 5 %, қызғылт укекіремен және гумаймен ластану 3%-дан артық болса, мұндай егістіктер тұқымдық мақсаттарға пайдаланылмайды және жарамсызданады.
12-кесте. Сурептік қышаның категорияға байланысты сорттық тазалығы.

Категория

Сорттық тазалық, % кем емес

I

99,6

II

99,0

III

97,0

13-кесте. Сурептік қыша тұқымдарының класстарға байланысты егістік сапасы.

Көрсеткіштер аттары

1

2

Тазалық, %, кем емес

99,0

98,0

Басқа өсімдіктер тұқымдарының саны, 1 кг, артық емес

80

720

соның ішінде арамшөптер тұқымдары, 1 кг, артық емес

40

400

Өнгіштілік, % артық емес

95

90

Көбейту питомнигі, суперэлита және элитадан басқалары

85

80

Ылғалдылығы, % артық емес

12,0

12,0

Сақтандыру қорының тұқымдардары үшін

8,0

8,0

Егістіктерде себуге және сатуға шектік қоятын талаптар:

  • карантиндік саяқтармен залалданғандар;

  • мемлекеттік сорттық сынақтардан өтпеген сорттар.





  • 14-кесте. Қыша тұқымдарына міндеттеріне байланысты қойылатын талаптар.

Тұқымдардың міндеттері

Репродукция

Категория

Класс

Оригинаторлардың өсірген және сататыны және көбейту үшін керек емес тұқымдары.

Суперэлита,элиталарды көбейтетін питомниктер

I

1


Элитатұқымдық шаруашылықтардың

өсірген және сататын тұқымдары.


элита

I

1


Тұқымдық шаруашылықтардың өсірген

және сататын тұқымдары.


I

I

2


Шаруашылықтарда өндірістік мақсат үшін себілген астықтар мен көкбалаусалар.

I

II

2


3 Жаздық рапсОртаңғы шашақгүлдегі бұршаққын қоңырлана бастағанда, өсіп тұрған өсімдіктерді байқау арқылы, рапсты апробациялайды. Апробатор танаптардыкөлденеңдігімен жүргенде, арақашықтығы бірдей 25 нүктеде тоқтап қарайды. Сол әр нүкте де таңдамай күздік рапстың 10 өсімдіктерін қарап байқайды.

Келесі нышандарды ескеру керек:



  • шашақгүлдің сипаты (жартылай қысыңқы, аздап қысыңқы, шашыраңқы);

  • бұршаққынның ұзындығы (ұзын, ұзыншалау);

  • бұршаққында антоцианның болуы;

  • бұршаққындардың сабақтарда орналасуы (жартылай қысыңқы, 45° бұрышпен, тік бұрышқа жақын).

Сорттық тазалықты, негізгі сорт санының, барлық қаралған өсімдіктер санына қатынасымен анықтайды.

02-02



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет