Ситуациялық есеп № 6 Травмпунктқа оң жақ білегінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуына шағымданған білімгер келді. Травмпункт фельдшері, қыздың қолын тіреп құлағанын анықтады. Қарағанда: оң жақ білектің төменгі үштен бір бөлігінде деформация, күтірлеу (крепитация) және пальпация кезінде ауырсынудың қатаюы байқалады.
1.Сіздің диагнозыңыз?
2.Қандай зерттеу әдісін қосымша қосу керек?
3.Бұл зақымданудың емі?
Ситуациялық есеп № 7 9 сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қолын тіреп құлағанда иық буынында қатты ауырсынуды сезді. Оқушы сау қолымен зақымданған дене бөлігін көтеріңкіреп мед.пунктке өзі келді.Фельдшер қарағанда иық буынының деформациясын, қимылдың шектелгенін, қолдың қысқарғанын анықтады.
1.Сіздің диагнозыңыз?
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Тасымалдау барысында ең тиімді транспорттық иммобилизацияның тәсілін айтыңыз.
Ситуациялық есеп № 8 35 жастағы әйел, саяжайда байқамай орақпен сол қолын зақымдап алды. Жедел жәрдем фельдшері қарау барысында келесі жайды анықтады: сол білектің ортасында жыртылып кесілген , ұзындығы 4см , ырсыйған жара бар. Жарадан ал-қызыл қан ағып жатыр. Терісі бозғылт, ҚҚ100/65 мм.сын.бағ. , тамыр соғысы 96 рет минутына.
1.Қан кету түрін анықтаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Бұл қан кетуде орындалатын уақытша қан тоқтату әдісін атаңыз.
Ситуациялық есеп № 9 Құрылыста 56 жастағы ер адам электроарамен сол қолын зақымдап алды. Жедел жәрдем фельдшері қарау барысында келесі жайды анықтады: сол білектің ортасында жыртылып кесілген , ұзындығы 4см , ырсыйған жара бар. Жарадан ал-қызыл қан ағып жатыр. Терісі бозғылт, ҚҚ100/65 мм.сын.бағ. , тамыр соғысы 96 рет минутына.
1.Жоғалтқан қанның көлемін Альговер индексінің көмегімен анықтаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Қандай асқынудың алдын алу керек?
Ситуациялық есеп № 10 Аулада ойнап жүрген 8 жастағы қызды көршісінің иті қауып алды. Қарағанда: балтырдың төменгі үштен бір бөлігінде тістелген жара бар.
1. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
2.Тістелген жаранын тазалау ерекшелігі?
3.Антирабикалық сары суды енгізу керек пе?