Ситуациялық есеп № 21
Мейрамханның ас үйінің қызметкері бетін бумен күйдіріп алды, қатты ауырсынуға шағымданады. Қарап тексергенде бет терісі қызарған, ісінген, екі жағында ұсақ күлдреуіштер бар.
1. Күйік аланын анықтаңыз
2. Күйік процесінің дәрежесін анықтаңыз.
3. Термиялық күйікте БМК.
Ситуациялық есеп № 22
Колледждің медициналық пунктіне 16 жастағы жасөспірім сол жақ тізе аймағының ауырғанына шағымданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, ол спорт алаңына құлап кеткен. Қарап тексергенде, сол жақ тізе аймағында мөлшері 5,5 * 7,5 см болатын сырылған жара бар, бүкіл жара бетіқанталап тұр.
1.Қан кету түрін анықтаңыз?
2. Жарақат түрін анықтаңыз?
3. Осы зақымның БМК.
Ситуациялық есеп № 23
Спортшы кросс кезінде сүрініп, сол тобығын қайырып алды. Буын қозғалысы шектелген, қозғалуға тырысқанда ауырсыну күшейеді. Травмпунктта рентген түсірілді, зерттеу нәтижесінде балтыр сүйектерінің тобық буының құрайтын бөлігінің ығысуы анықталды.
1. Сіздің диагнозыңыз?
2. Осы зақымдың БМК.
3. Бұл жарақат қалай емделеді?
Ситуациялық есеп № 24
Тұрмыстық газ баллонның жарылуы кезінде жарақат алған жәбірленуші К. оң аяғына құлады. Қарап тексергенде, оң балтырдың жоғарғы үштен бірінде жыртылған жара бар, жара қуысында сүйек сынықтары көрініп тұр. Пульс жіп тәрізді, қан қысымы 60/40 мм сын бағ. Терісі бозаң.
1. Болжамалы диагноз?
2. Бірінші медициналық көмектің көлемін анықтаңыз.
Ситуациялық есеп № 25
Шахтада екі аяғын құлаған таспен басып қалған жәбірленушінің бар екені анықталды. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі, көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. АҚ 80 мм сынап бағанасынан төмен. Аяқтары ісінген , аяқтың терісіне жасыл дақтар бар , аяқтары қатты ауырсынып жатыр.
1. Болжамалы диагноз қойыңыз.
2. Алғашқы медициналық көмектің көлемін анықтаңыз.
Ситуациялық есеп № 26
Стационарға оң аяғының тесілген жарасы бар науқас түсті. Анамнезінен -5 күн бұрын тот басқан шегені басып алыпты, жараны йодпен өңдеп, таңғыш орағаны анықталды. Алайда жағдайы нашарлады, ауырсыну, гиперемия, жараның айналасында ісіну пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тахикардия, дене қызуы – 40°С, ентігу,жағы қарысып, ауызын аша алмайды, жұтынуы қиын, бет бұлшықеттерінің құрысулары байқалады.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
2. Осы ауруды емдеу әдістерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |