Ауыспалы аттестацияның сұрақтар тізімі Пәні: «Хирургиялық аурулардың негіздері»



бет7/7
Дата21.11.2022
өлшемі130,37 Kb.
#159150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сұрақтар тізімі

Ситуациялық есеп № 27
Медициналық лаборант жұмысқа бара жатып жол апатының куәсі болды. Жол полициясының қызметкері, аяғы аударылған көлікпен екі сағат бойы қысылып қалған жәбірленушіге көмек көрсетуді өтінген. Науқастың есі анық емес, сұрақтарға жауап беруге зауығы келмейді, ауырсыну сезіміне және аяқтың ауырлық сезіміне шағымданады. Жалпы жағдайыорташа деңгейде, пульс – 90 рет минутына, толуы қанағаттанарлық, АҚ – 110/180 мм сын.бағ.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
2. Әрекеттер алгоритмін құрыңыз.


Ситуациялық есеп № 28
Іріңді хирургия бөлімшесіне оң жақ қолтық астында қатаюына және ауру сезіміне шағымданып науқас түсті. Науқастың айтуынша, бірнеше күн бұрын қолтық астындағы шашын қырған. Қарап тексергенде- оң жақ қолтық асты аймағында домалақ инфильтрат анықталды, ұстағанда ауырсынады, оның үстіндегі тері жабындылары қызарған, жергілікті температураның жоғарылауы анықталды.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
2. Осы ауруды емдеу әдістерін атаңыз.
Ситуациялық есеп № 29
Жол-көлік апат салдарынан пациенттің шүйде аймағында соғылған жара бар, жараны өңдегеннен кейін фельдшер таңуға таңғыш материалдарын дайындады.
1. Қандай таңғыш орау керек?
2. Егер бинт болмаса не істеу керек?


Ситуациялық есеп № 30
Сіздің досыңыз сізді онымен гаражға баруыңызды сұрады, өйткені әкесі көлік жөндеуден кейін ұзақ уақыт оралмады. Гаражды ашқан кезде олар моторы жұмыс істеп тұрған көлікті және артқы орындықта отырған ер адамды тапты. Қарап тексергенде: зардап шегуші ес-түссіз, терісі қызғылт, тынысы беткей, сирек, пульсі минутына 50 рет.
1. Науқастың жағдайын анықтаңыз.
2. Әрекеттер алгоритмін құрыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет