Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет5/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

38. НауқасТ., 20 жаста, солжақұртаймағындағыісінуменауырсынуғашағымданыпкелді. Анамнезінен: ісіну 2 тәулікбұрынбезеудісыққаннанкейінпайдаболған. Объективті: солжақұртаймағыныңжұмсақтіндерініңісінуінебайланыстыбетіасимметриялы. Осыаймақтадиаметрі 1,5×2,0 смболатынинфильтратанықталады, инфильтратортасындаіріңдіөзегібар, пальпациядаауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің түрін анықтаңыз:

ұрт аймағы целлюлиті, периостотомия

ұрт аймағы флегмонасы, іріңдікті дренаждау

ұрт аймағының абсцедирлеуші фурункулі, іріңдікті дренаждау

ұрт аймағының карбункулы, остеоперфорация

ұрт аймаығы лимфадениті, пункция

39. Ауруханаға 42 жастағы науқас С., жұтыну кезіндегі ауырсынуға, оң жақ жақасты аймағындағы ісінуге, ауыз ашылуының шектелуіне, әлсіздікке, дене температурасының 38,5ºС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: науқастың айтуы бойынша 4.6 тісте ауырсыну пайда болғаннан бері 5 тәулік бойы ауырып жүр, 3 тәулік бұрын ісіну пайда болып, жағдайы нашарлаған. Тісі бұрын емделмеген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, беті оң жақ жақасты аймағының ісінуіне байланысты асимметриялы. Осы аймақта диаметрі 6,0×4,0 см болатын инфильтрат пальпацияланады, үстіндегі терісі қызарған, ісінген, қысымдалған. Ауыз ашылуы 2,0 см дейін шектелген. 4.6 тістің сауытының 2/3 бұзылған, перкуссияа ауырсынулы. Қанаттәрізді-төменгі жақ қатпарының кілегейі қызарған, ісінген, пальпация кезінде ауырсынулы. Болжам диагноз қойыңыз:

4.6тістен болған төменгі жақ жақасты, иекасты аймақтарының флегмонасы

4.6тістен болған төменгі жақ жақасты, қанаттәрізді-төменгі жақ аймақтарының флегмонасы

4.6тістен болған жұтқыншақмаңы, иекасты аймақтарының флегмонасы

4.6тістен болған массетериаласты, иекасты аймақтарының флегмонасы

4.6тістен болған төменгі жақ жақасты, ұрт аймақтарының флегмонасы

40. Клиникаға 46 жастағы науқас Н., сол жақ төменгі жақасты аймағындағы іріңді бөлінісі бар жыланкөздің пайда болуына шағымымен келіп түсті. Анамнезінен: 2 ай бұрын жарақат алған, медициналық көмекке бармаған. Сол жақ жақасты аймағында ісіну мен ауырсыну пайда болып, 2-3 аптадан кейін өздігінен басылған. Объективті: сол жақ жақасты аймағында ісінген грануляциясы мен іріңді бөлінісі бар жыланкөздік жол анықталады. Ауыз ашылуы 2,5 см дейін шектелген. Тістем бұзылған, 3.6 және 3.7 тістер қызылиегі аралығында грануляциямен жыланкөз бар. 3.6 және 3.7 тістер аралығында қозғалғыштық анықталады. Рентгенограммада 3.6 және 3.7 тіс аралығында сынық сызығы анықталады. Сынық сызығында 3.6 тістің дистальды түбірі және ұсақ секвестрлер көрінеді. Болжам диагноз қойыңыз және хирургиялық емнің түрін анықтаңыз:

төменгі жақтың жарақаттан кейінгі остеомиелиті, секвестрэктомия

төмегі жақтың одонтогенді остеомиелиті, жыланкөзді дренаждау

төменгі жақтың ментальды сынуы, шина қою

төменгі жақтың бұтағының сынуы, сынықты репозициялау

төменгі жақтың бұрышының сынуы, остеосинтез

41. Ауруханада науқас П., 25 жаста, қойылған диагноз: 4.6 тістің созылмалы периодонтиті және 4.6 тісті жұлу жоспарлануда. Мандибулярлы жансыздандыруды жүргізу кезінде иньекционды иненің ұшы сынып кетті. Жұмсақ тінде қалған ине сынығы көзге көрінбейді. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасын анықтаңыз.:

жүмсақ тінді кесіп, өздігінен шығару

науқасты рентгенограммаға жолдау

аурухана жағдайында бақылау

бөгде дене шыққанша күту тактикасы

емдік шараларын қажет етпейді

42. Ауруханаға 35 жастағы науқас Ю., жұлынған 4,6 тіс ұяшығындағы тұрақты, солқылдап, үшкіл нерв жолымен таралатын ауырсынуға, тамақ қабылдауының бұзылуына, кешке жақын дене температурасының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен: 3 тәулік бұрын 4,6 тісі жұлынған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Обьективті: беті симметриялы, ауыз ашылуы ауырсынулы, ұяшық айналасындағы кілегейі қызарған, 4,6 тіс ұяшығы іріңді экссудатқа толған. Болжам диагноз қойыңыз:

жедел іріңді одонтогенді альвеолит

жедел шектелген остеомиелит

төменгі-ұяшықтық неврит

төменгі жақтың жедел іріңді периоститі

төменгі жақтың актиномикозы

43. Ауруханаға 45 жастағы науқас Н., ауыз жаба алмау шағымымен келді. Қасындағы еріп келушінің айтуы бойынша науқас есінеу кезінде ауызын қатты ашып, кейін қайта жаба алмай қалған. Объективті: беттің төменгі үшінің ұзаруына байланысты беті асимметриялы, ауызы ашылулы, сілекей көп мөлшерде бөлінуде. Пальпация кезінде самай-төменгі жақ буын басы бет доғасы астында анықталады. Самай-төменгі жақ буынының рентгенограммасында төменгі жақтың басы буын төмпегінің алдыңғы қатпарында анықталады. Буын ойысы бос күйінде. Болжам диагнозын қойыңыз:

төменгі жақтың бір жақты артқы шығуы

төменгі жақтың бір жақты алдыңғы шығуы

төменгі жақтың екі жақты артқы шығуы

төменгі жақтың екі жақты алдыңғы шығуы

самай – төменгі жақ буынының тыртықтық контрактурасы

44. Ауруханаға 28 жастағы науқас Х., сол беттің ауырсынуына және қызаруына шағымданып келді. Анамнезінен: емдің шара кезінде солярииде күйік алған. Обьективті: сол жақ беттің ісінуіне байланысты беті асимметриялы, тері жамылғысы қызарған, ісінген, пальпацияда ауырсынулы. Эпидермис және терінің емізікшелі қабаты бұзылған. Тек түкті фолликула және терілік бездер зақымдалмаған. Күйіктің сатысын анықтаңыз:

I

II

IIIа

IIIб

IV

45. Ауруханаға 39 жастағы науқас А., беттің тің оң жағындағы күйдіріп ауырсынуға және бозаруға шағымданып келді. Анамнезінен: көшеде бетін үсіріп алған. Обьективті: оң жақ беттің ісінуіне байланысты беті асимметриялы, тері жамылғысы бозарған, пальпация кезінде сезімталдығы жоқ. Іші сұйықтыққа толы көптеген көпіршіктер анықталады. Үсіктін дәреженің аңықтаңыз

I

II

IIIа

IIIб

IV

46. 25 жастағы науқас У., туберальды жансыздандыру көрсетілген. Бұл жансыздандыруды жүргізу кезінде гематоманың алдын алуын жүргізіңіз:

анестетикті тек мақсатты орында жіберіңіз

ине ұшы сүйекке бағытталып, жүрген жолында анестетик жіберіліп отырады

ине ұзындығы 6-8 см болу керек

жансыздандыру кезінде шприць поршенін өзіңе қарай тарту керек

анестетикті вазоконстриксіз қолдануға болмайды

47. 25 жастағы науқас У., медиальды қанаттәрізді бұлшықеттің қабынбалы контрактурасына байланысты ауыз ашылуының шектелуі бар. 4.7 тісті жұлу керек. Контрактура 3-дәрежелі. Анамнезінде - ауыз ашылуының шектелуі 3 тәулік бұрын пайда болған. Осы клиникалық жағдай кезінде жансыздандыру әдісін:

Берше-Дубов бойынша

Вайсбрем бойынша

мандибулярлы

торусальды

туберальды

48. Науқас А., 40 жаста ауызын шаю кезінде сұйықтықтың мұрын қуысына өту шағымымен келді. Аамнезінен 3 тәулік бұрын жоғарғы жақта 1.6 тісін жұлдырған. Обьективті: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін. 1.6 тіс ұяшығы грануляциямен толтырылған, зондтау кезінде жоғарғы жақ қойнаумен байланысы бар. Болжам диагноз қойыңыз:

жоғарғы жақ қойнауының созылмалы синуситі

созылмалы этмоидит

гаймор қойнауы түбінің перфорациясы

жедел фронтит

жедел сфеноидит



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет