Ауыз сыртылық аппараттарға жатады



бет7/49
Дата04.06.2024
өлшемі1,2 Mb.
#203143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
НЦНЭ ПОИСКОВИК ОБЩИЙ АНАС

60. Науқастөменгіжақтыңденеаймағындағыжыланкөздіңболуынашағымданыпкелді. Жыланкөздегрануляциялыіріңдібөлінісбар. Төменгіжақденесіқалыңдаған. Бірайбұрынстационардатөменгіжақтыңжеделодонтогендіостеомиелитідиагнозыменжатқан. Рентгенограммадажаңатүзіліссүйектінініңортасында, яғнишекарасыанықсүйектінініңрезорбцияошағытөменгіжақнегізіндеорналасқан. Емдеу тәсілін таңдаңыз?

Кюретаж

Секвестрэктомия

Антибиотикотерапия

Иммуномодуляторлар

Биогенді стимуляторлар

61. Науқас көз алмасына берілетін жоғарғы жақтың ауырсынуына шағымданып жақ-бет бөліміне келді; мұрынан бөлініс бөлінеді, ауырлық сезімі,басының ауруына, дене температурасы 40˚ С, иіс сезім төмендеуі, әлсіздік, дімкәстікке. Анамнезінен – 2 күн бұрын ұрт аймағында ісіну, мұрынының бітелуі, басының ауыруы. Ұрт және көз асты аймағы ісінген. Терісі өзгеріссіз. Үлкен түбірлі тістер аймағының ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабаты қызарған, ісінген. Пальпация ит шұңқыры аймағында ауырсынбалы. 2.6 тіс сауыты 1/3 бұзылған, перкуссия 2.5, 2.6, 2.7 тістер ауырсынбалы. Сіздің емдеу тәсіліңіз?

2.6 тісті жұлу және гайморотомия

2.6 тісті емдеу және гаймор қойнауы пункциясы

Гайморотомия, 2.6 тісті емдеу

Периостотомия, 2.6 тісті жұлу

Сыртқы жолмен іріңдікті ашу және 2.6 тісті жұлу

62. Науқас стоматологиялық емханаға алынып тасталынған 2 оң жақ жоғары азу тіс қуысының аймағында үдемелі ауырсынуына шағымданып келді. Тісі келгеннен 3 күн бұрын жұлып тасталынған. Жергілікті қарау кезінде: оң жақ жоғары 2 азу тіс қуысы қан ұйындысына толы, қабыну белгілері жоқ,дәрігер пальпациялағанда альвеоланың вестибулярлы беткейінде үшкір жиек анықтады. Қандай болжамды диагноз қоюға болады?

қуыстың альвеолиті

2.7 тістің қуыс невриті

2.7 себепкер тіс периоститі

2.7 себепкер тіс остеомиелиті

үшкіл нервтің екінші тармағының невралгиясы

63. Науқас В., 45 жаста, ауруханаға оң жақ ұрт аймағының фиброма диагнозымен келді. Ем тағайындаңыз:

сау тіндер деңгейінде тілу

склерозирлеуші терапия

физитерапия

медикаментозды

көмір қышқылы қарымен күйдіру

64. Науқас А., 25 жаста. Шағымы: жоғарғы сол жағының ауырсынуына. Объективті: жоғарғы сол жағынаң жұмсақ тіндерінің ісігіне байланысты беттің ассиметриясы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 26 тістің сауытының ½ бөлігі бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Пальпация ауырсынады. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:

26 тісті жұлу, остеоперфорация

Остеоперфорация, 26 тісті емдеу

Периостотомия, түбір резекциясы

26 тісті жұлу, периостотомия

26 тісті емдеу, периостотомия

65.Науқас А., 37 жаста. Диагноз: Жоғарғы жақ синусы түбінің перфорациясы. Ороантральды байланысудың пластикасы үшін құрылған таңдай қиығының орналасуын таңдаңыз:

Таңдай тігісі жағына

Фронтальды тістер жағына

Жұмсақ таңдайға қарай

Ороантральды байланысу жағына

Өтпелі қатпар жағына

66. Ауруханаға жағдайы ауыр 18 жастағы науқас алыс ауылдан келіп түсті. Анамнезін анықтау мүмкін болмады. Қарау кезінде: оң жоғары және төменгі қабағының ісінуі және гиперемиясы. Экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқанда ауырсыну байқалады. Рентгенограммада жоғары жақтық қойнауда қараю анықталды. Оперативті жолдың қай түрі мүмкін?

көз шарасының жоғары жиегінен тілу

көз шарасының төменгі жиегінен тілу

көз шарасының төменгі-сыртқы бұрышынан тілу

қойнаудың жоғары қабырғасын трепанациямен гайморотомиялау

көз шарасының төменгі-сыртқы бұрышынан контрапертурамен тілу

67. Вартонов өзегіндегі тасты алып тастау үшін дәрігер тіл жансыздандыпуын жасады. Өзекті тастың арт жағынан қоршаған тіндерімен бірге тікті. Тастың үстіндегі шырышты қабықты тіліп, тасты алып тастаған соң, жараны қабатымен тігіп шықты. Дәрігер қандай қателік жіберді?

Анестезия дұрыс таңдалмады

Дұрыс тілінбеді

Жараға дренаж қою керек еді

Операциядан кейін жараны тікпеу керек еді

Тастың арт жағынан тіндерді тікпеу керек еді

68. 22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң ауызының дұрыс ашылмайтынын, бетінің пішінсізденгенін шағымдап келді. Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті асимметриялы. Көз шарасының төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталады. Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның қанаты жансызданған. Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады?

Бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау

Имплантация тәсілімен пішінсізденуді жою

Аутотрансплатация тәсілімен пішінсізденуді жою

Бет сүйегін сындырып, орнына дұрыс салу

Лимберг ілгегімен бет сүйегін орнына дұрыс салу

69. Науқас А., 39 ж қабылдау бөліміне төменгі жақтың оң жақ аймағының ісінуіне және
ауырсынуына, ауызын ашқанда, тамақ тістегенде ауырсынуына шағымданып келді.
Анамнезінен: 2 сағат бұрын бөтен біреулерден соққыға жығылып жарақат алған. Есі анық,
құсу жүрек айнуы жоқ. Төменгі жақтың тік және бүйір проекциясындағы ренген суретінде
оң жағында 36 тістен өтетін сынықтары ығыспаған сынық байқалады. Емдеу жоспарын
анықтаңыз?


Киршнер сымымен остеосинтез

Сүйек тігісімен остиосинтез

Түзету және ілмекті шендеуішпенбекіту

Тегіс шендеуішпен шендеуіш қою

Айви бойынша лигатуралық байлам

70. Науқас 23 жаста, бет-жақ ауруханасының қабылдау бөліміне мына диагнозбен келіп түсті: төменгі жақтың екі жақтық сынығы, сүйек сынықтарының ығысуымен: 4.4 және 4.5 тістердің арасында және 3.8 тіс бойымен. Тістесу бұзылған. Емдеу жоспары қандай?

сол буындық өсіндіні сүйектік тігіспен остеосинтездеу

төсеме салумен қоса екіжақтық шиналау

Тигерштед шиналарымен сүйек сынықтарын репозициялау және имммобилизациялау

ментальды бөлімде сүйек тігісімен остеосинтез

Донский-Кручинский әдісімен остеосинтез

71. Жас ер кісі жарыс кезінде жарақат алды. Қарау кезінде-жоғары орталық күрек тіс-қуысында, қозғалмалы, ұстағанда ауырсынады. Тіс аймағында шырышты қабат қызарған. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз:

репозиция + фиксациялау

тісті жұлу

тіс фиксациясы + физиоем

тіс репозицисы

фиксациялау

72. Науқас мына диагнозбен: жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирург шұғыл түрде операция жасады. Ошақты кесуге мүмкін болатын тиімді жолды таңдаңыз:

иектік аймақ

төменгі жақтың қоршалған бұрышы

қанатжақтық қатпардың шырышты қабаты бойымен

төменгі жақ бұрышынан доға тәрізді бұрышқа дейін және төменгі жақ жиегіне параллельді

төменгі жақ аймағында төменгі жақ жиегінен 1,5 см шегініспен және соның бойымен

73. Пародонтта лоскутты операциялар әдісіне не жатады?

Кюретаж

Гингивотомия

Мюллер бойынша операция

Кларк бойынша операция

Киселев бойынша операция

74. Жоғарғы еріннің шиқаны диагнозы қойылған науқаста көздің бұрышының ішкі аймағын сипап тексергенде инфильтрацияланған тіннің ауырсынған тяжы анықталады.Қандай асқынудың пайда болғанын болжауға болады?

Бет көк тамырының зақымдануы

Беттің бұрыштық көк тамырының флебиті

Медиастенит

Жоғарғы жақтың синусының перфорациясы

Қанаттаңдай шұңқырының абсцессі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет