108. Дұрыс егелген тіске кобальт-хромды қортпадан жасалған металдыкерамикалық сауыттың тар қалпақшасын кигізіп көру кезінде не жасау керек:
қайтадан қалып алып, қос қабат лак жағылған модельмен қалпақшаны қайта құйып жасау
|
тісті қосымша егеп, қалып алып, қалпақшаны қайтадан құю
|
қайтадан қалып алып, абразивті аспаппен қалпақшаның шеттерін кесу
|
қалпақшаның шеттерін крампонды қысқышпен қысып, қалпақшаның шеттерін тегістеу
|
қалпақшаның абразивті аспаппен кесіп, тегістеу
|
109. Көпір тәрізді протездің тірегі ретіндегі металдан жасалған салманың қалыңдығы тістем биіктігін жоғарылататын болса, қандай асқынулар пайда болуы мүмкін:
|
оның сынып кетуі мүмкін
|
тірек тістерге түсетін қысым шамадан асып кетуі мүмкін.
|
екіншілікті тісжегі дамуы мүмкін
|
шайнау қысымының протез денесіне таралуы мүмкін
|
шайнау қысымының протездің тірек тістеріне таралуы мүмкін
|
110. 30 жастағы науқастың 3.3 тісі жоқ. Ақаудың екі жағында орналасқан тістер әр түрлі функционалдық топқа жатады. Қандай ортопедиялық құрылымды дайындау оңтайлы екенін анықтаңыз://
|
тірегі 3.2 және 3.4 тіс болатын пластмассалы көпіртәрізді протез
|
тірегі 3.2 және 3.4 тіс болатын штампталған көпіртәрізді протез
|
тірегі 3.4 болатын металдыкерамикалық консольді протез
|
тірегі 3.4 болатын металды консольді протез
|
3.3 тістің орнына имплантат қойып протездеу
|
111. Пластиналық протезді отырғызып көру кезінде оның еркін кигізілмеуінің себебі:
|
жасанды тістерді орнату кезіндегі қателіктер
|
беттің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендеуі
|
беттің төменгі бөлігінің биіктігінің жоғарылауы
|
пластмассаны қалыптау кезіндегі базистің ақауы
|
пластмассалық негіздің кемер аймағында орналасуы
|
112. Доғалы протез қаңқасының жарамсыз болуының себебі
|
қаңқаны отырғызып және салып көру кезінде ауыз қуысында бөгде затты сезінуі
|
қаңқаның созылыңқылығы және оның конструкциясының күрделілігі
|
шырышты қабат пен доға арасында саңылаудың болмауы
|
әртүрлі типтегі кламмерлерді қолдану
|
шектен тыс сілекейдің бөлінуі
|
113. Науқас ортопедиялық стоматология емханасына протез асты ауруына шағымданып келді. Объективті: тірек тіс дистальді бағытқа қарай қисайған, протездің аралық бөлігі шырышты қабатқа декубитальді жаралап кіріп кеткен. Рентгенограммада: тірек тіс мойынының 1/3 тіс ұяшығының қабырғасының жартысы аймағында периодонтальды саңылау бар. Берілген мағлұматқа сүйеніп науқасқа қандай протез дайындалғанын анықтаңыз:
|
бөренелі протез
|
бюгельді протез
|
консольді протез
|
көпіртәрізді протез
|
жартылай алмалы-салмалы протез
|
114. Бюгелді протездегі тіреп-ұстап тұрушы кламмердің иығы тіс мойнында орналасса, протезге бейімделу кезеңінде науқастың өзі қандай асқынуларды жасауы мүмкін:
|
кламмерді шешу кезінде тірек тіске шамадан тыс функционалды қысым түсіруі мүмкін
|
кламмерді шешу кезінде маргинальді қызылиекті механикалық жаралауы мүмкін
|
тіс пен протездің жанасуы кезінде периодонт тіндерінің жарақаттануы мүмкін
|
тіс пен протездің жанасуы кезінде маргинальді қызылиектің механикалық жарақаттануы мүмкін
|
тіс пен протездің жанасуы кезінде тірек тіске шамадан тыс функционалды қысым түсуі мүмкін
|
115. Толық құйылып жасалатын сауыт үшін тіректі тісті егеп болған соң, бекітілмеген тістем кезінде қосқабатты жұмысшы және бірқабатты көмекші қалып алғаннан кейін не істеу керек:
|
тістемнен орталық окклюзия жағдайында қалып алу
|
балауызды шаблондар көмегімен орталық окклюзияны бекіту
|
балауызды шаблондар көмегімен орталық окклюзияны бекіту қажет емес
|
үлгіні жұмысшы және қосымша қалыптан құйып, кресло қасында салыстыру
|
үлгіні жұмысшы және қосымша қалыптан құйып, тіс – техникалық зертханада салыстыру
|
116. Қалпақшаны шақтап кигізіп көру кезінде дәрігер қалпақша мен қызылиек аралығындағы саңылауды байқады. Қалпақшаның қалыңдығы 0,4 мм, іш беткейі таза. Қалпақша тіс тұқылына толық, тығыз орналасқан. Дәрігердің іс-әрекеті:
|
балғамен қалпақшаның шетін ұрып ұзарту
|
керамикалық массалармен саңылауды жабу
|
қайта қалып алып, жаңадан қалпақша дайындау
|
тереңірек отырғызу үшін тіс сауытын қайта егеу
|
қалпақшаның ішкі беткейін өндеп, түзету
|
117. Клиникаға 23 жастағы Д. науқас тістердің дұрыс емес орналасуы, шайнау кезінде оң самай-төменгі жақ буынында (СТЖБ) ауырсыну шағымымен келді. Қарағанда: оң жақ құлақмаңы-шайнау бұлшықетінің ұлғаюы есебінен беттің асимметриясы. Төменгі жақ тіс доғасының ортаңғы сызығы 2,5 мм оңға ығысқан. 4.6 тісі жоқ, 1.2, 2.2, 3.3, 4.3 тістер вестибулярлы орналасқан. Алғашқы диагнозды қойыңыз және функциональды диагностика әдісін анықтаңыз:
|
күрек тістер мен ит тістердің вестибулярлы орналасуы, функциография
|
күрек тістер мен ит тістердің тілдік орналасуы, миография
|
айқасқан тістесу, функциональды сынама
|
ашық тістесу, гнатометрия
|
тіке тістесу, Изард әдісі
|
118. Клиникаға 25 жастағы К. науқас тістердің дұрыс емес орналасуы, шайнау кезінде оң самай-төменгі жақ буынында (СТЖБ) ауырсыну шағымымен келді. Қарағанда: оң жақ құлақмаңы-шайнау бұлшықетінің ұлғаюы есебінен беттің асимметриясы. Төменгі жақ тіс доғасының ортаңғы сызығы 1,5 мм оңға ығысқан. 4.6 тісі жоқ, 1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістер вестибулярлы орналасқан. M. Helkimo индексі бойынша дисфункцияның қарқындылығы – орташа. Функциография нәтижелері бойынша төменгі жақ қозғалысы амплитудасының шектелуі орнатылды. Алғашқы диагнозды қойыңыз және сәулелік диагностика әдісін анықтаңыз
|
күрек тістер мен ит тістердің тілдік орналасуы, төменгі жақтың рентгенографиясы
|
күрек тістер мен ит тістердің вестибулярлы орналасуы, компьютерлік томография
|
айқасқан тістесу, магнитті-резонансты томография
|
ашық тістесу, ультра дыбысты зерттеу
|
тіке тістесу, телерентгенография
|
119. Клиникаға 26 жастағы С. науқас тістердің дұрыс емес орналасуы, шайнау кезінде оң самай-төменгі жақ буынында (СТЖБ) ауырсыну шағымымен келді. Қарағанда: төменгі жақ тіс доғасының ортаңғы сызығы 2,5 мм оңға ығысқан. 4.6 тісі жоқ, 1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістер вестибулярлы орналасқан. Компьютерлік томографияда – сол самай-төменгі жақ буынында төменгі жақ басының мезиальды ығысуы. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу техникасын анықтаңыз:
|
1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің тілдік орналасуы, СТЖБ тыртықты анкилозы
|
терең тістесу, СТЖБ сүйекті анкилозы
|
айқасқан тістесу, СТЖБ артрозы
|
1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің вестибулярлы орналасуы, СТЖБ дисфункциясы
|
тіке тістесу, ретрогения
|
120. Клиникаға 13 жастағы А. науқас бет эстетикасының бұзылысы, әдемі емес тістер шағымымен келді. Объективті: беті симметриялы. Ауыз ашылуы еркін. Жоғарғы жақтың күрек тістері төменгі жақтың күрек тістерін 8 мм-ге жабады, күрек тістер арасында сагиттальды саңылау 11 мм, тіс қатарларының бүйір бөлімдерінде дистоокклюзия. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістері арасында тремалар. Жоғарғы жақ алдыңғы тістердің вестибулярлы беткейінде эмальдың жегілік емес зақымдануы бар. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
|
1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің тілдік орналасуы, цементтің тіс жегісі
|
мезиоокклюзия, жедел іріңді пульпит
|
айқасқан тістесу, жедел іріңді периодонтит
|
ашық тістесу, дентиннің тіс жегісі
|
терең күрек тістік жабылу, эмальдың гипоплазиясы
|
|