136. Төменгі жақтың альвеолярлы доғасы ұзындығының 4 мм-ден жоғары сәйкес еместігі, бүйір күрек тістердің жарып шығуы және ортаңғы сызықтың осы жағына ығысуы кезінде жұлуға көрсеткіш болып табылады:
уақытша күрек тістерді
|
уақытша молярларды
|
уақытша ит тістерді
|
тұрақты күрек тістерді
|
тұрақты молярларды
|
137. Науқас 20 жаста. Стоматологиялық клиникаға бет эстетикасының бұзылуына, алдыңғы жоғарғы күрек тістер дұрыс орналаспауына шағымданып келді. Жалпы қарау бағасы – бет симметриялы, беттің вертикальды мөлшерінің өзгеруі – ортаңғы бөліктің ұзарғаны және алға шығыңқы орналасқаны анықталды, мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, иек қатпары әлсіз білінеді, төменгі жақ бұрышы айқын емес, тегіс. Ауыз қуысын бағалау: ауыз кіреберіс тереңдігі шамамен 5-6 мм, шырышты қабат түсі фронтальды бөлікте өзгерген, төменгі орталық күрек тістер мойындары ашылған. Ауыз тістер қарым-қатынасы Энгльдің 2 класы, алдыңғы тіс қатарлары арасында сагиттальды саңылау. Сагиттальды саңылау пайда болу себебін көрсетіңіз:
|
жоғарғы күрек тістер протрузиясы, төменгі күрек тістер ретрузиясы
|
бүйір күрек тістер тортоаномалиясы
|
2.4 және 3.4 транспозициясы
|
1.8 және 2.8 адентиясы
|
сүйір тістер ретенциясы
|
138. Науқас 20 жаста. Стоматологиялық клиникаға бет эстетикасының бұзылғанына шағымданып келді. Сырт қарау нәтижесінде: бет симметриялы, беттің вертикальді мөлшері өзгерген. Бетті антропометриялық өлшеу барысында жүргізілген өлшем - бастың шаш бөлігі мен маңдай аралық нүктеден гнотион нүктесіне дейінгі қашықтық сагиттальді жазықтықпен қай параметрді анықтайды:
|
беттің физиономиялық биіктігін
|
беттің физиологиялық биіктігін
|
беттің жоғарғы морфологиялық биіктігін
|
беттің төменгі морфологиялық биіктігін
|
беттің толық морфологиялық биіктігін
|
139. Ортодонттық науқаста төменгі және жоғарғы тіс доғаларының аса қысылуы кезінде биометриялық жақсүйек үлгілерінде Шмудт, Фусс и Шварц әдістері жүргізілді. Осы әдістер арқылы анықталады:
|
тіс қатарларының пішінін
|
тіс қатарларының симметриялылығын
|
таңдай күмбезінің тереңділігін
|
тілдің мөлшері мен пішінін
|
таңдай доғаларының симметриялы орналасуын
|
140. 22 жасар науқас. Ортодонт-дәрігерде ортодонтиялық емдеу барысында, жақсүйектері үлгілерінің биометриялық зерттеу жүргізу барысында анықталғаны: жақсүйектерің апикальді тұғырының қысылуы, ІІ дәрежелі – 12 тіс сауыттары мезиодистальді енінің қосындысы 39-32%, ұзындығы 37-26%, төменгі жақта 38-34% және 36-31% сәйкес. Осы жағдайда Сіздің емдеу жоспарыңыз:
|
сүт азу тістер төмпешіктерін қажау
|
ретенирленген тістер сауыттарын ашу
|
кейбір интакты тістерді жұлу
|
тістер апроксимальды беткейлерін егеу
|
компактостеотомия жүргізу
|
141. 19 жасар науқас ортодонт-дәрігерге жоғарғы жақ тістерінің дұрыс орналпауына шағымданды. Науқас ортопантомографиялық суретке жіберілді. Ортопантомографиялық суреттті талдау барысында оң жақта сүйір тістің дистопиясы анықталды. Сүйір тістер дистопиясы кезінде олардың қатар тұрған тіске қарым-қатынасы және тіс қатарларына байланысты орналасуынан басқа нені ескеру қажет:
|
орталық және бүйір күрек тістер түбірлерінің резорбциясының болуы
|
сүйек тіндерінің қайтадан түзілуі
|
тістер ұш маңайында патологиялық ошақтың болуы
|
периодонтальды саңылаудың кеңеюі
|
сүйек тіндерінің некрозының болуы
|
142. Бала 7 жаста. Профилактикалық қарау барысында беттік параметрлерінің өзгеруі байқалады, физиологиялық тыныштық жағдайында төменгі жақ жоғарғы жақтың алдында орналасқан, төменгі жақ бұрышы айқын, артқа бұрылыңқы. Беттің төменгі жақ бөлігінің қысқаруы себебінен мұрын-ерін және иек қатпарларының айқын екендігі анықталды, жоғарғы ерін түсіңкі, еріндер күшсіз түйіседі, ауыз бұрыштары түсіңкі емес. Диагностикалық зерттеулерден кейін балаға тіс қатарларының мезиальды окклюзиясы диагнозы қойылды. Мына аппараттар арасынан төменгі жақ сагиттальды бағытта өсуін тежейтін және төменгі жақ бұрышының шамасын азайтатын аппаратты таңдаңыз:
|
беттік маска
|
ортопедиялық сауыттармен протездеу
|
бастық тақиясы бар иек таңғышы
|
тістерді шинирлеу
|
миниимпланттар қолдану
|
143. 20 жасар науқас клиникаға жоғарғы фронтальді тістердің алға шығыңқы орналасуына шағымданып келді. Беттік параметрлерді бағалау және жалпы қарау: беттің асимметриясы байқалмайды, мұрын негізі айқын, мұрын қыры тік, мұрын қанатшалары функциональді тұрғыдан әлсіз. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі физиологиялық тыныштық жағдайында 73 мм, орталық окклюзияда 68 мм, еріндер күшпен түйіседі, ауыз қуысы ашық, ауыз бұрышы түсіңкі емес. Тіс қатарлары окклюзиясы: жоғарғы бірінші азу тістер мезиальді ұрттық төмпешіктері төменгі бірінші азу тістер төмпешік аралық фиссурасында жатыр, сагиттальді күрек тістік жабылу ұлғайған, сагиттальді саңылау шамасы 10 мм, жоғарғы орталық күректістер алға қарай шығыңқы, жоғарғы ерінді тарта орналасқан. Орталық күрек тістер аралығы 2-3 мм ашық. Төменгі жақ тіс қатары қалыпты, жоғарғы тіс қатары пішіні және мөлшері өзгерген, жоғарғы фронтальді тістер кескіш беттері 6 мм-ге вестибулярлы бағытта жылжыған. Алдын ала диагноз қойыңыз:
|
сагиттальді күрек тістік дизокклюзия, жоғарғы күрек тістер протрузиясы
|
трансверсальді күрек тістік дизокклюзия, жоғарғы күрек тістер протрузиясы
|
вертикальді күрек тістік дизокклюзия, жоғарғы күрек тістер ретрузиясы
|
терең күрек тістік окклюзия
|
терең күрек тістік дизокклюзия, төменгі күрек тістер протрузиясы
|
144. Қыз бала 5 жаста. Қыздың ата-анасы ортодонт дәрігерге балада үлкен бармақты сору, сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданып келді. Анамнезде: созылмалы тонзиллит, ринит. Сырт қарағанда - бет симметрилы, беттің вертикальды мөлшерлері өзгерген – төменгі бөлік ұзарған. Төменгі жақ бұрышы айқын емес, ауыз жартылай ашық, еріндер күшпен түйіседі, еріндер тонусы әлсіз. Объективті: ауыз кіре-беріс тереңдігі қалыпты, ерін және тіл асты үзбелерінің мөлшері және бекітілуі қалыпты. Тіс доғаларының пішіні қалыпты, тіс қатарлары толық, жас шамасына сәйкес 5.5 және 8.4 тісжегісі. Тіс қатарларының фронтальді бөлігінде вертикальді саңылау шамамен 3 мм. Баланың жасына байланысты емдеу әдісін таңдаңыз:
|
аппаратты әдіс
|
ортопедиялық әдіс
|
реконструктивті операциялар
|
емдік гимнастика
|
хирургиялық коррекция
|
145. Дәрігер-ортодонтта 10 жасар бала – тіс қатарларының трансверзальды окклюзиясы диагнозымен диспансерлік санатта. Ауыз қуысында 6 ай шамасында алынатын функциональды аппарат тұр. Функциональды аппараттардың бүйір тістер беткейлерін жауып тұратын және қарама-қарсы тістер іздерінсіз болатын элементтін атаңыз:
|
окклюзионды жапсырма
|
тістеу алаңы
|
ылди жазықтық
|
дентоальволярлық кламмерлер
|
Адамс кламмері
|
|