Б) +бастапқы тісжегі,реминерализациялық терапия
В) терең тісжегісі, пломбылау
Д) орташа-терең тісжегісі, реставрация
Е) мойын бөлігіндегі тісжегі, аппликация
59. Бала 14 жаста. Шағымы: қатты және суық тамақ ішкенде 1.6 тістің ауырсынуы. Анамнезі: 1.6 тіс тісжегі диагнозымен емделген, 2 ай бұрын пломба жартылай түсіп қалған, температуралық және механикалық тітіркендіруге ауырады. Ауыз қуысында: 1.6 тістің шайнау беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, жұмсартылған дентинге және амальгамалық пломба қалдықтарына толған. Қуыстың түбін сүңгілеу қатты ауырсыну тудырады, суықпен тітіркендіргенде қысқа мерзімді ауырсыну, перкуссия ауыртпайды, ЭОД =10 мкА. Диагнозы және диагностика әдісі қандай?
А) орташа тісжегі, рентгенография және пальпация
Б) беткейлі тісжегі, перкуссия жәнеЭОД
В) +терең тісжегі, термодиагностикажәне ЭОД
Д) орташа тереңдеген тісжегі, витальды бояу және рентгенография
Е) тістің мойын бөлігіндегі тісжегі, зондтау және рентгенография
60. Бала 4 жаста. Шағымы: түнде және тамақтану кезінде тістің ауыратыны. Анамнезі: аллергоанамнез ауыр. Ол жиі суық тиіп ауырады. Ауыз қуысында: 5.4, 5.5, 7.5, 8.5, 6.4 тістердің шайнау беттерінде терең кариозды қуыстар бар, сүңгілегенде бір нүктеде ауырады, перкуссия ауырмайды. Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт қызғылт түсті. Бұл клиникалық жағдайда жансыздандырудың қандай түрі қажет?
А) +жалпы жансыздандыру
Б) седация
В) премедикация
Д) инфильтрациялық
Е) өткізгіштік
61. Бала 9 жаста. Шағымы: жоғарғы жақтың сол бөлігіндегі жұмсақ тіндерінің ауырсынуы және ісінуі, дене қызуы 38 0 С-ге жоғарылауы. Үш күннен бері ауырады. Объективті: жоғарғы жақтың сол бөлігі жұмсақ тіндерінің ісінуі әсерінен бетінде асимметрия. Ісік үстіндегі терісі гиперемиялы, ісінген, пальпация ауырсыну туындатады. Аузын ашу ауыртады. 6.4 тістің тіссауытың 2/3-сі бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады, 7.4 тістің қозғалысы II- дәрежелі. 6.3,6.4,6.5 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация ауыртады. Диагноз болжаңыз және қандай диагностика әдісі тиімді:
А) 6.4 тістің жедел іріңді периодонтиті, телерентгенография
Б) 6.4 тістен бастап жедел іріңді остеомиелит, компьютерлік томография
В) 6,4 тістен батап ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы, коагуллограмма
Д) 6.4 тістің жедел іріңді пульпиті, электроодонтометрия
Достарыңызбен бөлісу: |