Көпіршік бөрткен- кілегейлі қабатта шамалы мөлшерде жақықтың жиналуынан пайда болады, іші қуыс, серозды немесе қанды жалқыққа толы, диаметрі 5 мм дейін, пішіні жарты шар тәріздес, көтеріңкі орналасқан
Күлбреуік бөрткен– көпіршік бөрткеннен үлкен болады, эпителий қабатынының ішінде немесе астында орналасады. Бұл бөрткендер ауыз қуысында көп тұрмайды, тез жарылып эрозияға (жұқа жараға) айналады.
Киста- қуысты құрылым, эпителиймен төселген дәнекер тінді қабығы бар.
Іріндік- кілегейлі қабықтың қабаттарында шамалы мөлшерде ірінді жалқықтың жиналуынан пайда болады.
Абсцесс- әр түрлі көлемді, іші қуыс, ірінді жалқыққа толы элемент. Кіші іріндіктердің қосылуынан немесе патологиялық өзгерген тіндердің ыдырауынан пайда болады.