Қосымша-А жалғасы
1-гистограмма.Сауалнама нәтижесі
Қосымша Ә
Осы сілтемелер арқылы сабақ үстінде ауызша есептеуді кіріктірдім.
https://youtu.be/FPTXJunKoC4
https://youtu.be/Yw2_HeMoqVs
Қосымша Б
«Қызықты математика» атты интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Оқушыларды ауызша есептеуге, шапшандылыққа дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалануға және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1-Жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста
Ешкінен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп
«Қызықты математика» атты сайысымызды бастаймыз.
2-Жүргізуші: Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
ІІ.Негізгі бөлімі.
Математика жайлы әңгімелер
Логикалық есептер
Мақал-мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп біледі?
Қорытынды
1- сайыс: Математика жайлы ұлы ғалымдар айтылады оқушылар қай ғалымның сөзі екенін айту керек.
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М.В.Ломоносов)
3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Оқушылар математика жайлы дайындаған рефераттарын оқиды.
2- сайыс: Логикалық есептер шешу.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару
Интерактивті тақтадағы есептерді шығару. Әр есепке 1 ұпай беріледі.
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )
Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24,26, 27, … (29)
Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(17)
Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?(20)
3-сайыс. Мақал-мәтелдер сайысы.
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
Ер .........рет өледі,
Қорқақ .......... рет өледі.
..... рет өлшеп,
Достарыңызбен бөлісу: |