Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кештің сценарийі Мақсаты



бет3/6
Дата23.01.2022
өлшемі32,81 Kb.
#129662
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-12055

Осы отырған орнымда - ақ.

- Мекен - жәйің?



- Мекен - жәйім – жер менің,

Жерде өскен ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!


2 - жүргізуші: Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1 жүргізуші: Мұқағалидың шын аты - Мұқаметқали, әкесінің есімі - Сүлеймен. Батыр бабасы – Райымбек - Түкеннің,Түкен - Хангелдінің баласы - Хангелдінің екінші әйелінен тараған жетінші ұрпақ.

Яғни, Қойбас,

одан Дәлі,

одан Қуырман,

одан Қамет,

одан Мақатай,

Мақатайдан Сүлеймен,

одан Мұқағали.


2 жүргізуші: Мұқағалидың әкесі де, шешесі де суырып салма, өлеңді қиыннан қиыстыра білетін өнерлі жандар екен. Бір тойда Сүлеймен мен Нағиман айтысып, бозжігіт Сүлеймен өлеңмен жеңіп, екеуі үйленуге уәде байласыпты. Сөйтіп, екуінің қосылуына, отбасы болуына ақындық өнер себеп болған екен. Әкесі 1942 жылы әскерге алынып, соғыстан оралмаған. Содан Мұқағали мен Тоқтарбай, Көрпеш атты екі інісі анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде болып, жастайынан өмір қиындығын,тірлік тауқыметін көп көріп өсіпті. Мектепті Мұқағали осы Қарасазда тәмамдап, еңбек жолын осы аймақта бастаған.
1 жүргізуші: Өзінің туылған жерін өте қатты сағынып өлеңіне қосқан

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде тудым.

Айналайын, Қарасаз,

Қасиетінен суыңның!

Сенің әрбір бұлағың-

Менің әрбір қантамырым емес пе?

Қасиетті тұрағым,

Қасиетіңнен суыңның!

Қарасазым!

Айтылмаған сезім ең,

Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?

Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтсам,

Кім құмартса,өзі көрсін көзімен...





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет