10. ЕПҰ-да мейіргер үшін химиялық қауіп факторлары.
Қауіптің химиялық факторлары зарарсыздандыру, жуғыш, дәрілік заттардың құрамындағы токсикалық заттардың әсерімен байланысты.
Токсикалық заттардың кері әсері жиі кәсіптік дерматит - әр түрлі ауырлық деңгейіндегі терінің тітіркенуі және қабынуымен байқалады. Сонымен қатар токсикалық заттар басқа мүше және жүйелердің зақымдануына алып келеді. Токсикалық және фармацевтикалық препараттар тыныс алу, ас қорыту, қан жасау, репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін. Жиі әр түрлі аллергиялық реакциялар, ауыр жағдайларда бронх демікпесі, Квинке ісігі т.б. дамиды. Медбикенің профилактикалық шараларын сақтауы токсикалық заттардың кері әсерлерін төмендетеді.
Қолданылатын препараттың химиялық атын, фармакологиялық әсерін, кері әсерлерін, сақтау және қолдану ережелерін толығымен білу керек.
Мүмкіндігінше тітіркендіргіштерді зиянсыз заттарға ауыстыру қажет. Дезинфекциялық қасиеттері бар химиялық заттарды тазалау заттарына немесе жоғары температура көмегімен зарарсыздандыруға ауыстыру қажет. Олар бірдей тиімді және арзан болып келеді.
Қорғаныс киімдерін: қолғап, халат, алжапқыш, қорғаныс көзәйнегін, бахила, бетперде және респираторларды қолдану қажет. Егер резеңке қолғаптар сезімталдығы жоғары адамдарда дерматитке алып келсе, астары мата мақтадан болған силиконды немесе полихлорвинилды қолғаптарды қолдануға болады.
Дез. ерітінділерді арнайы жабдықталған, жақсы желдетілетін бөлмелерде дайындау қажет.
Жергілікті әсері бар препараттарды қолданғанда қолғап кию немесе шпатель қолдану қажет.
Қол терісіне дұрыс күтім жасау, жарақаттарды өңдеу қажет. Сұйық сабынды қолдану, жуғаннан соң қолды жақсылап құрғату, қорғаныс және ылғалдантыратын кремді пайдалану қажет.
Апат жағдайларда препарат:
көзге түскенде – көп мөлшердегі суық сумен көзді жуу қажет;
ауызға, теріге түскенде – сумен жуу қажет;
киімдерге түскенде – ауыстыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |