Төменгі деңгей (әлеуметтік). Қоюлығы (концентрациясы) төмен ерітінділермен (1% хлорамин ерітіндісі, 3% сутегінің асқын тотығы) зарарсыздандыру. Төменгі деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды, кейбір грибоктарды, вирустарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция.
Дезинфекцияның орташа деңгейі - бактерияларды (оның ішінде туберкулездің микобактерияларын), вирустарды (оның ішінде полиовирустарды), саңырауқұлақтарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын дезинфекция (3% хлорамин ерітіндісі, 4% сутегінің асқын тотығы).
Дезинфекцияның жоғары деңгейі — барлық патогенді және шартты патогенді микроағзалар жойылатын, ал споралар саны азаятын дезинфекция, туберкулез, іріңді жұқпа, кандидоздар, анаэробты жұқпа (сіреспе, газды гангрена, сібір жарасы) қоздырғыштарын жоятын жоғары концентрациядағы дез ерітінділерді — 5% хлорамин ерітіндісі, 0,5% жуғыш ерітінді қосылған 6% сутегінің асқын тотығын қолдану.