«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Пациентті арқасымен жатқызу іс-әрекеті



бет49/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

30. Пациентті арқасымен жатқызу іс-әрекеті.
Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы пациент, ойылудың алдын алу.
Даярлаңыз: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы бар қапты).
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентпен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

  2. Пациенттің жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

  5. Медбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).

  6. Төсектегі пациентке көлденең қалыпты беріңіз.

  7. Пациентті арқасымен жатқызыңыз.

  8. Пациенттің бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларына салмақ түсірмеу үшін).

  9. Пациенттің бас астына үлкендеу және иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқаларының иілу контрактурасын алдын алу).

  10. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын алу).

  11. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

  12. Табанға 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын алу).

  13. Пациенттің қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың шектен тыс бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын алу).

  14. Пациенттің қолының ұшына валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).

  15. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет