«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Пациенттерді орнынан қозғалтуға арналған EasySlide төсенішін қолдану



бет3/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Пациенттерді орнынан қозғалтуға арналған EasySlide төсенішін қолдану
Қолдану мақсаты: пациенттердің орнын ауыстырғанда қауіпсіздікпен және жайлылықпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбегін жеңілдету.
Көрсетілімдері: төсек тартып жатқан пациенттерді горизонталды кеңістікте кереуетте жылжыту, дене қалпын өзгерту.
Ескерту: пациент жатқан бет тегіс және қатты болуы керек.
Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз, жүргізуге келісімін алыңыз.

  2. Қолығызды жуып құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Пациенттің жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз.

  4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз. Кереуеттің екі қыр жағындағы поручендерді (тұтқаларын) түсіріңіз (егер де ол болса).

  5. а) пациентті кереуеттің шетіне қарай жылжыту:

- сырғанайтын ақжайманы кереуеттің үстіне төсеңіз, оның тұтқалары
кереуеттің ортасына келуі керек;
- пациентті ақжайма үстіне жайғастырыңыз;
- қолыңызды пациенттің мойын және бел аймағы астына жіберіп
ақжайманың тұтқаларын мықтап ұстаңыз;
- абайлап пациентті кереуеттің бір шеіне қарай жылжытыңыз.
б) пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжыту:
- пациентті бір қырымен жатқызыңыз;
- сырғанайтын ақжайманы астына төсеңіз;
- пациентті арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз,
сырғанайтын ақжаманы тегістеп жіберіңіз;
- пациенттің екі жағынан сырғанайтын ақжайманың тұтқаларынан
ұстап пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

  1. Кереуеттің қыр жағындағы тұтқаларын көтеріңіз.

  2. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет