«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Залалсыздандыру туралы түсінік, физикалық әдістері



бет6/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

4. Залалсыздандыру туралы түсінік, физикалық әдістері.
Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.
Стерилизация әдістері
Стерилизацияның бірнеше әдістері бар: термиялық әдістер, химиялық, газды әдіспен, плазмалық стерилизаторларда, ультрадыбысты әдісі, инфрақызыл сәулелермен, радиациялық әдіс
1. Термиялық әдістер - физикалық: булы, ауалы, гласперленді (қыздырылған шариктер ортасында) және бөлмелерді: таңу, емшара, операциялық бөлме ауасын ультракүлгін сәулелермен залалсыздандыру. Клиникалық тәжірибеде жиі термиялық әдістің келесі тәсілдері қолданылады: жоғары қысымды бумен жоғары температурада зарарсыздандыру (автоклавтау) және ыстық құрғақ ауамен залалсыздандыру (құрғақ ауалы шкафтарда).
Булау әдісімен ММБ-ны, аспаптардың, тоттануға берік металл аппараттардың бөлшектерін, әйнекті, киім-кешекті, таңу материалын, мақта шарларды, резеңкеден, латекстен және пластмассаның жекелеген түрлерінен жасалған бұйымдарды стерильдейді.
Автоклавтау немесе булы стерилизаторда стерилизациялау металл, шыны құрал-саймандарды, ерітінділерді, лигатурлы тігіс материалдарын зарарсыздандыруда қолданылады. Булы стерилизаторлар автоматизация деңгейі әр түрлі болып, жұмыс камерасының көлемі - 10, 25, 75, 120л болып келеді. Булы стерилизаторларда залалсыздандыру жоғары температурамен (138˚С-ке дейін) және жоғары қысыммен (2,5 атм дейін) жүзеге асады. Қазіргі уақытта жаңа стандарттарға сай келетін режиммен жұмыс істейтін булы стерилизаторлар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет