Мұрын қуысын күту Көрсеткіштері: тыныс алу әлсірегенде, мұрын қуысында қабық пайда болғанда.
Науқасты дайындау: Науқасқа күтім әрекеттерін жасауыңызды түсіндіріңіз.
Науқастың қозғалыс жағдайы:Отырып н\се жатып.
Әзірлеу: шиыршықталған мақта, тамызғыш, вазелин майы.
Алгоритм әрекеттері: Сырқатты емдеуге ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
Мұрын қуысын шиыршықталған мақтамен тазалаңыз.
Тазаланбаған жағдайда шиыршықталған мақтаны вазелин майына батырыңыз.
Сырқаттың басын артқа қарай шалқайтыңыз.
Сол қолды маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 тереңдікте шиыршықталған мақтаны айналдыра отырып салыңыз.
Мұрын қуысында қаспақ қатып қалған жағдайда 1-2 минут ұстап, айналдыра отырып мақтаны шығарып алыңыз.
Сол жағына басқа шиыршықталған мақтаны салып, дәл осылай тазалаңыз.