Бөлме мейірбикесінің міндеті:
Күнделікті тумбочка-ң, тоңазытқыштың санитарлық күйін бақылауды жүргізу.
Тумбочкаларды күнделікті зарарсыздандыруды бақылау, яғни күнделікті таңертенгілік және кешкілік 1% жарықталған хлорлы әк ерітіндісімен сүрту.
Тоңазытқышты 1 аптада 1рет ерітіп, одан кейін 1% жарықталған хлорлы әк ерітіндісімен зарарсыздандыру.
Науқасқа қажетті көмек көрсеуді жоспарлауды білу.
Ауыз қуысын күту
Көрсеткіштері: Науқас өз бетімен қозғала алмаған жағдайда, өзіне өзі күтім жасай алмағанда.
Науқасты дайындау: Науқасқа күтім әрекеттерін жасауыңызды түсіндіріңіз.
Науқастың қозғалыс жағдайы: Жартылай көтеріңкі етіп жатқызып, басын бір жақ қырына бұрыңыз.
Әзірлеу: 0,5% гидрокарбонат натрий, 0,5% пермангит калий н\се 5% бура ерітіндісін, ауыз кергішті, тіл ұстағышты, лоток, пинцет, қысқыш, дәке салфетка, тампон, шпатель.
Достарыңызбен бөлісу: |