Шашты күту
Шашты күнделікті тарап және аптасына 1 рет жуып, қарап отыру керек.
Орындалуы:
Ыдысты науқастың бас жағына төсекке қоясыз.
Науқастың мойнына клеенка төсейсіз.
Науқастың басын көтеріңкіреп, шалқайту керек.
Басына жылы су құып, сабындап жуыңыз.
Орамалмен сүртіп, құрғатып, тарау керек.
Құлақты тазалау
Күнделікті жуыну кезінде олар өздері жуа алады. Ал, төсектен тұруға болмайтын аурулардың құлақтарын мейірбике тазалау керек.
Орындалу тәртібі:
Науқасты отырғызыңыз
3% сутегінің қыщқыл ерітіндісін құлаққа тамызасыз.
Мақтаны орап жоғары, төмен айналдыра отыра құлаққа кіргізесіз.
Мақтаны ауыстырып, қайталайсыз.
Есте сақтаңыз! Құлақты тазалау кезінде қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені құлақ барабанына зақым келуі мүмкін.
Мұрын қуысын тазалау
Өз бетімен жүре алатын аурулар күнделікті жуыну кезінде мұрын тазалығын қадағалайды. Ал, ауыр науқастардың мұрын тазалығын сақтай алмағандықтан, оны тазалап отыру керек.
Орындалу тәртібі:
Жатқызып немесе отырғызып науқастың басын сәл бұрып қоясыз.
Мақтаны орап, вазелинмен немесе маймен майлайсыз.
Мақтаны мұрынға енгізіп, оны 2-3 минут қозғайсыз.
Мақтаны ауыстырып, қайталаңыз.
Мұрынға майды тамызып, мақтамен тазалау керек.
Мұрыннан қан кеткен жағдайда көмек көрсету
Мұрыннан қан кету себептері әр түрлі болады – жалпы ауыру, қан, инфекциялық аурулар, тұмау кездеріңде болады.
Мұрыннан қан кету кезінде қан тек сыртқа ғана емес, мұрын қуыстары арқылы өңешке, ауызға түседі, осы уақытта науқас жөтеледі, тіпті құсуы мүмкін.
Мейірбикенің әдісі:
Науқасты отырғызып, тыныштандырады.
Басты шалқайтуға болмайды, себебі қан өңешке кетуі мүмкін.
Мұрынды қысып отыру керек.
Суық компресс немесе мұзды мұрынға қою керек.
Егер қан кету тыйылмаса, мұрынға мақта тығып қою керек.
Көзді жуу
Көзден бөлінген заттар қірпіктерді жапсырады, сондықтан көзді жуып отыру керек:
Қолды жуу
8-10 залалсыздандырылған шариктерді салу керек.
Тампонды сығып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек.
4-5 рет қайталау
Құрғақ тампондармен құрғату
Тамшы тамғызу
Мұрынға
Қолда: мұрынға арналған тамшылар, залалсызданған пипетка.
Науқастың қалпы: отырғызып немесе жатқызып ( жағдайына байланысты), басты көтеріп қарама – қарсы иыққа қарай ақырын шалқайтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |