Науқасты жуындыру
Ауыр науқасты дәретке отырған сайын , жуындырып отыру керек.
Іс – әрекет алгортмі
1. Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын ашып, бүгіп қоямыз.
2. Науқастың астына клеенка төсеп,ыдысты қойыңыз.
3. Оң қолына мақта немесе салфетка алып, сол қолына марганцовка мен фурацилин ерітінділері бар 30-35 г жылы суы бар құман аласыз. Құманмен бірге Эсмарх резеңке түтікшесін және қысқыш алуға болады.
4. Жыныс мүшесіне осы суды құясыз, мақтамен жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз.
Жуындыру реті:
Жуындыру үшін 8-16 мақта тампондары керек.
Алдымен кіші жыныс мүшелерін жуу керек.
Содан соң анустын маңайын, мақтамен ауыстырып жуады.
Құрғату керісінше жүреді, мақтаны ауыстырып отыру қажет.
5. Клеенкамен ыдысты алып тастаңыз.
Тест тапсырмалары
1 нұсқа
1.Ауыр науқасты адамдардың киімдерін ауыстыру:
Күнде;
Кірлеген сайын;
2-3 күнде 1 рет;
7-10 күнде 1 рет.
2. Ауыр науқасты адамның денелерін күнде сүрту керек. Ол үшін:
10% перманганатты калий ерітіндісімен;
1/ 500 фурацилин ерітіндісімен;
Жартылай су қосылған 70% этил спиртімен;
10% мүсәтір спирті ерітіндісімен;
3. Науқастың өз бетімен отырып тұруын, қозғалуын қалай атайды?
4. Төсектен тұрмайтын науқастарға қандай резеңке қолданылады?
5. Кір төсек пен кір киім пайдаланбауына қандай әрекет етеді?
6. Төсекті және іш киім ___________________ болуына әкеледі.
7. Науқасқа дәрет сындыратын ыдыстың әперудің дұрыс ретін анықта:
Ыдыстың астына клеека төсеу;
Ыдысты алу;
Ыдысты жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдыру;
Ыдысты ( дезинфекциялау) залалсыздандыру;
Ыдысты науқастын астына қою;
Науқастың жамбасын көтеру;
8. Сәйкестікті белгілеңіз.
Ойлау сатылары:
Бірінші;
Екінші;
Үшінші;
Белгілері:
Әдеттегі тері түсі;
Көпіршіктің құрылуы;
Некроздың құрылуы;
Терінің гиперемиясы;
9. Емделушіні жуындыру үшін міндетті түрде дайындайды:
Леген, антисептик ерітіндісі, құмыра, мақта тампондары;
Лоток, антисептикалық ерітіндісі, жаңа шприц, мақта тампондары;
Алмұрт тәріздес баллон, антисептикалық ерітінді, корнцанг ( хирургиялық қысқаштың бір түрі), мақта тампондары;
Дәрет ыдысы, антисептикалық ерітінді, Эсмарх саптыаяғы, мақта тампондары, корнцанг.
10. Емделушіні жуындыру үшін калий перманганат ерітіндісін қолдануға бола ма?
2 нұсқа
1.Науқастың төсек орнын қай кезде ауыстырады?
14 күнде 1 рет
7-10 күнде 1 рет
Күнде
2-3 күде 1 рет
2. Ауыр науқастың денесін күнделікті өңдеу үшін:
10% камфор спиртінің ерітіндісімен
10% мүсәтір спиртінің ерітіндісімен
10%калий перманганаты ерітіндісімен
96% этил спиртімен
3. Науқастың өз еркімен қозғала алмайтын жағдайын қалай атайды?
4. Терінің жаралы некроз және басқа жұмсақ ұлпалары өзгеруі есептеледі.
5. Сәйкестікті жасаңдар:
Теріні өңдеуге қолданылады;
Жуындыру үшін қолданылады;
0,5% марганцовка ерітіндісі;
96% этил спирті;
1% салицилдік спирт;
10% марганцовка ерітіндісі;
6. Жүйелі жуынуын белгілеңіз:
Анус аймағы;
Кіші жыныс еріндері;
Нап қатпарлары;
Үлкңен жыныс еріндері;
7. Әлсіз, ауыр сырқатты науқастарды арқасымен жатқызғанда, оның шүйде , сегіз көз, өкше, шынтақ, құйымшақ аймақтарында ойылулар пайда болады.Мейірбикенің іс – әрекеттері.
8. Ауыр сырқатты науқасқа төсек дайындаған кезде ақжайманың үстіне жөргекпен жабылған ___________________ салу керек.
9. Ойылуды жазу үшін әр 2 сағат сайын емделушінің астын ауыстырып отыру керек.
10. Ойылудың көпіршікті сатысын өңдеу үшін 1%ды ______________________ ерітіндісін қолдануға болады.
Шаш, көз, құлақ, мұрын, ауыз қуысын күтудегі манипуляциялық техникасы
Оқушы білуі тиіс:
Ауыр сырқатты науқастардың шашын және шырышты қабықшаларын күтудегі гигиеналық шараларды өткізу техникасын және көлемін;
Мұрыннан қан кетудегі алғашқы көмек көлемін.
Істей білуі тиіс:
Шырышты қабықшаладың күтімін жүзеге асыруды:
Көзді жуу
Құлақтың күкіртті тығынын алып тастау
Мұрынды шырыштан тазарту
Ауыз қуысын сүрту, суландыру, аппликация, шаю.
Дәрі тамшыларын тамызуды:
Көзге, құлаққа
Шашты күтуді іске асыруды
Мұрыннан қан кеткенде көмек көрсетуді
Сұрақтар:
1. Ауыр сырқатты науқастарда ауыз қуысын, құлақты, мұрынды, көзді күнделікті тазарту немен аяқталады?
2. Мұрынға тамшыны қалай тамызады?
3.Көзге, құлаққа майды қалай жағады?
4. Ауыз қуысын суландыру, сүрту әдісі.
5. Мұрыннан қан кеткендегі мейірбикенің іс – әрекеті.
6. шашты күту немен аяқталады? Ауыр науқастың басын жастыққа қалай дұрыс салуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |