Бірінші әдістің іс – әрекеталгоритмі 1. Таза ақ жайманы ұзын бойымен жартысына дейін ораңыз.
2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
3. Науқасты абайлап төсекутің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.
4. Кірленген ақ жайманы науқасқа қарай ұзыннан ораңыз.
5.Төсектің бас жағына таза ақ жайманы төсеңіз.
6. Абайлап науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.
7. Босаған жақтан кірлеген ақ жайманы алып тастаңыз,матрастың астына қайырыңыз.
8. Науқасты арқасына жатқызып, басына таза тысты жастық салыңыз.
9. Науқасты көрпемен жабыңыз.