Дәрілік заттарды таратудағы ережелер. 1.Дәрінің сыртындағы атын,сақталу мерзімін және белгілеу бетіндегі жазуды мұхият оқыңыз.
2.Дәріні науқастың төсегіне барып таратыңыз.
3.Сіздің қатысуыңызбен науқас дәріні қабылдау керек.
4.Дәріде "тамаққа дейін" белгісі бар дәріні тамақтану алдында 15 минут қалғанда,ал "тамақтан соң" белгісі бар дәріні тамақтан кейін 15 минут өткенде ,егер ашқарында онда таңертеңгілік тамақ ішкенге дейін 20-60 минут бұрын қабылдау керек.
5.Ұйықтататын дәріні 30 минут бұрын ұйықтар алдында қабылдайды.
6.Түймедақты,капсуланы,пилюланы науқас тілінің түбіне қойып бір жұтым мол сумен жұтады.
7.Ұнтақ дәріні қабылдағанда қағазын ашып,астауша сияқты формамен бүгіп,ішіндегісін науқас тіліне салады жа сумен жұтқызады.
8.Дәрінің сулы ерітіндісі (микстура мен қайнатпа) 5,10,15,20мг деген белгісі бар шағын стакандармен,ал үйжағдайында қасықпен беріледі:ас қасықтың орташа сыйымдылығы 15 мл,десерт қасық 10 мл, шай қасық 5 мл.
9.Спирт және эфир тұнбалары мен сұйық экстрактар тамшы мен өлшенеді.Дәріні стаканға немесе рөмкеге тамызады да ,үстіне су құяды,өйткені спирт немесе эфир тұнбалары мен экстрактарды таза күйінде ішуге болмайды.Әрбір дәрі үшін тамызғыш керек.
10.Нитроглицеринді,валидолды.т.б дәрілерді тіл астына салып қабылдайды.
11.Жұта алмайтын,құсып ес-түссіз,сандырақтап жатқан науқастарға дәрі-дәрмек заттарын балауыз түрінде тік ішекке енгізеді.