13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
7 – сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Асқорыту ағзаларының қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларды ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, клизмалармен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: