Жауап эталоны:
1-в, 2-г, 3-в,4-д, 5-а, 6-б, 7-г, 8-в, 9-а, 10-а.
Ситуациялық есептер:
Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?
Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
8 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Клизмалар. Асқазан мен ұлтабар құрамын зерттеу.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға клизма жасауды, асқазане мен ұлтабардан сөл жинауды, науқасты осы зерттеулерге дайындау.
тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
Достарыңызбен бөлісу: |