Ситуациялық есептер: Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?
Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
9 – сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару және эндокринді жүйелердің қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі:практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларды зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсетумен, қуыққа катетер енгізу алгоритмімен
таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезінде, зәрдің жедел тоқтауы кезінде, қуыққа катетер енгізу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезінде, зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету, қуыққа катетер енгізу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу