Асқазан, ішектенқан кету симптомы. Асқазан жарасы, эрозия, асқазанның ісігі, бауыр циррозы, өңеш венасынын варикозды кеңеюі, ішектердің әр түрлі аурулары – ісік, геморрой, жаралы колит пайда болады. Асқазан ішектен қан кету жасырын түрде болуы мүмкін – қан кету басынан «кофе қоюы» қусу, қан аралас қусу немесе нәжістің қан аралас бөлінуі (мелена).
Асқазан ішектен қан кеткендегі негізгі белгілер. Мұндай қан кету асқазан, ішек, бауыр, өңеш тағыда басқа аурулардың симптомдары болады: қан аралас қусу, «кофе қоюын» қусу тұз қышқылы гематин араласып шығады. Тоқ ішектен қан кеткенде нәжісте ашық түсті қан (гемотохезис) пайда болады. Өңештен қан кеткенде қусық массаларына ашық түсті қан қосылады. Нәжістің мелена тәрізді (қара түсті) болуы ішекте қаннан әр түрлі ферменттердің және бақтериялардың пайда болуынан болады. Өзгермеген ашық түсті қанның нәжісте болуы асқазаннан қан кеткенін дәлелдейді. Ал ішектен қан кеткенде, тоқ ішектің ісігінде нәжіс аралас ал геморройда дефикация кезінде қан қосымдысы бөлінеді.