Аурухананың қабылдау бөлімі


Материалды-техникалық жабдықталуы



бет239/251
Дата09.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#131150
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   251
Байланысты:
стандарт казақша

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%) Эндоскопияның маңызы

  • Эзофагогастродуоденоскопияға түсінік

  • Колоноскопия

  • Бронхоскопия

  • Ректороманоскопия

10.Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)


Жоспар:

  • Терминальді жағдай тұралы түсінік

  • Агонияға түсінік

  • Клиникалық өлім түсінігі

  • Биологиялық әлім түсінігі

Терминальді жағдайлар – артериялық қысымның кенеттен төмендеуімен, газ алмасу, метаболизмнің терең бұзылыстарымен сипатталатын, өмір сүру қабілетінің өзгерістерінің ең қатерлі деңгейі. Олардың мынадай түрлерін ажыратады:

  • Агония алдынғы жағдай – АҚ біртіндеп төмендеуімен, тахикардиямен, ауыспалы брадикардитямен, есінің және миының электрлік белсенділігінің жоғала бастаымен, бағаналық рефлекстердің бұзылыстарымен сипатталады.

  • Агония – мидың жоғарғы бөлімдері толық жұмыстан шығып, кенеттен бульбарлық орталықтыңбелсендірілуімен сипатталатын өлімнің соңғы сатысы болып табылады.Ол уақытша болатын АҚ – ның көтерілуімен, жүректің синустық ырғағының қалпына келуімен және бұлшықеттердің тырысып жиырылуынан, тыныс алу қозғалыстарының күшеюімен байқалады

Жүректің тоқтауының ерте кезеңінде 3 клиникалық белгі байқалады: қан айналымының тоқтауы, естен тану және тырысулар, апноэ.
Өлім – ағзаның тіршілік әрекетінің тоқтауы. Танатология (tanatos - өлім) - өлім кезіндегі ағзада болатын клиникалық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістердің механизмі оқытатын ілім. Өлімге алып келетін себептер мен әсерлер танатогенез деп аталады. Өлімнің негізгі себептері: ағза мүшелерінің қызметінің бұзылуы, көп мөлшерде жоғалту, миға қан құюлу, улану, жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің жестіпеушілігі.
Клиникалық өлім – ағзаның өмір сүру әрекетінің уақытша тоқтауы. Бұл кезде ішкі мүшелер мен ұлпалар өз қызметін тоқтатпайды. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында реанимациялық шаралардың көмегімен ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге болады. Клиникалық өлім кезінде көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге ұшырайды. Ағза түгелдей тіршілігін тоқтатады. Қайта тірілтуге болмайды. Клиникалық өлім мерзімін дене температурасын (8-12С) төмендету арқылы 1-1,5 сағатқа созуға болады.
Клиникалық өлім белгілері:

  1. Ірі қан тамырларының (ұйқы, сан, иық) соғысының болмауы

  2. Есін жоғалту

  3. Қара шықтың кеңеюі

  4. тырысу

  5. тыныстың тоқтауы

Биологиялық өлім белгілері

  • тыныстың түгел бітуі

  • тамыр соғуының тоқтауы

  • көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі

  • дененің сууы

  • дененің төменгі бөлігінде өліктік пайда болуы

  • дененің сіресіп қалуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет