Флакон сыртындағы жазуды оқу (дәрі атауы, дозасы, жарамды мерзімі).
Алюминилі қақпақты пинцетпен ортасынан ашу.
Спиртті шарикпен резиналы тығынды тазарту.
Флаконмен қаптамада бірге берілген ампуладан еріткішті шприцке алу.
Ескерту. Егер қаптамада еріткіш болмаса, онда 0,1 г (100 000 бірлік) антибиотик ұнтағына 0,5 мл еріткіш алынады (не инъекция үшін су, не 0,9%-дық натрий хлорийді не 0,25%-дық новокаин алынады). Сонымен 0,2 г үшін 1 мл еріткіш; 0,5г – 2,5−3мл еріткіш; 1г−5мл еріткіш қажет.
Флакон мен шприцті алып, қатты күш салмай, флакон тығынын ортасынан 90ºС бұрыш бойымен тесіледі де, ішіне еріткіш енгізіледі.
Флаконды инесімен ине асты конусын ажыратып, ұнтақ түгел ерігенше флакон шайқалады.
Инесімен флакон қайтадан ине асты конусқа кигізіледі.
Флаконды түбі жоғары қаратып көтеріледі де, флакондағы түгел не бір бөлігі шприцке сорып алынады. Шприцтегі ауа флакон ішінде шы,арылады.
Ине асты конустан инесімен флаконды ажырату.
Ине асты конусқа инъекция инесін кигізу және бекіту(егер сізде бір инесі бар бір рет қолданылатын шприц болса, инъекция дәріні сорып алған инемен жасалады).
Инъекция жасау үшін лотокқа шприц, спритпен не басқа тері антисептігімен ылғалданған екі мақта шаригі салынады және лоток залалсыздандырылған салфеткамен жабылады.
Егер бір рет қолданылатын щприцпен жұмыс жасасаңыз, дәріні сорып алғаннан кейін, барлық сақтық шараларын сақтап, инеге қорғау қақпақшасы кигізіледі және шприц, мақта шариктері шприц пакетіне қойылады. Осындай дайындық, егер дәріні егу-емдеу бөлмесінде әзірлеп, егуді науқас бөлмесінде орындайтын болсаңыз қажет.
Инъекция аймағын тазалайтын дезинфекциялық құралға жататындар –«сприттер»: кутасепт, биотензид дезинфектант, дамисепт (салфеткалар), софтасепт Н және басқалары.
Дәрі ерітіндісін флаконнан басқа шприцке ауа еніп жарымайтын әдіспен де алуға болады.
Флаконнан дәріні алу
Қолы жуу.
Флакон сыртындағы жазуды оқу.
Резиналы тығынды жауып тұрған қақпақты ашу.
Резиналы тығынды спритті мақта шаригімен сүрту.
Шприцке алынатын дәрі ерітіндісі көлеміндей (мл) ауа алу.
Флаконға 90ºС бұрыш бағытында инені енгізу.
Флаконға ауаны енгізу және флаконды түбін жоғары қаратып төңкеру: шприцке қажетті көлемді флакондағы ерітінді сорып алынады (поршенді сәл тартуға болады).
Ине флаконнан ажыратылады.
1.1 тақырып Мейірбике ісініц философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология.
Медициналық этика жэне деонтология негізгі принциптерін, алған білімдерін паци-енттермен жэне қызметтестермен қарым-қатынас барысында қолдану. Медициналық мекемелердегі емдік-сақтау режімі. Кэсіптік этика жэне деонтология туралы түсінік. Пациенттерге психологиялык көмек көрсету және қарым-катынас машығы.